29.12.2008, 12:47 2966

Алматыда жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасы көтерме саудадағыдан шамамен екі есе артық

Алматыда жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасы көтерме саудадағыдан шамамен екі есе артық

Алматы. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасы көтерме саудадағыдан шамамен екі есе артық. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Алматы қалалық және Алматы облыстық өңіраралық инспекциясының кеңесінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жанар-жағармайдың бөлшек саудасымен шұғылданатын және мұнай өнімдерін көтерме жеткізуімен шұғылданатын компаниялардың өкілдері жиналған кеңес мұнай бағасының айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы жоғары қалпында қалуына байланысты қалыптасқан теңсіздікке арналды.

Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы бас диспетчерлік абсқарманың мәліметінше, шілде мен қараша айларының аралығында әлемдік нарықта жанармай бағасы шамамен 60%-ға, дизельдік отын бағасы 50 - 52%-ға төмендеді. Ал Қазақстанда отын түріне сәйкес төмендеу небәрі 20 - 30% құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны