29.07.2014, 20:22 13147

Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтардан 88,6 млрд теңге түсті

Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге түсті, - деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті хабарлады.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге түсті, - деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті хабарлады.

"Бірінші жарты жылдықта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде тауарларға - 67 мың декларация тіркеліп, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге республикалық бюджетке түсіп, жалпы республикалық көлемнің ішінен кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алуда - 14,6 % құраған", - делінген хабарламада.

Өткен ұқсас 2013 жылғы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтардың өсімі 4 % немесе 3,7 миллиард теңгені құраған.

Алматы қаласының Халықаралық әуежайы - халықаралық әуебағыты, әуе жолаушылар және жүк ағындарының көлемі жағынан Алматы атынан жүк тасымалдау бойынша көшбасшы мәртебесіне ие десек артық болмас. Өткен жылдың өзінде "Жетісу" кеден бекетінде 9 мыңға жуық кедендік ресімдеу жүргізілген, соның ішінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан 1 миллион 43 мыңға жуық әуе жолаушылар және 11 825 тонна әуе жүктері өткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны