06.02.2018, 17:00 5713

Алматыда "Жеӊіл рельсті транспорт" жобасын ендіруге дайындық жүруде

3,1 шақырымды құрайтын метро желісі, "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерін қамтитын Алматы қаласы метрополитенініӊ бірінші желісініӊ екінші кезеӊініӊ екінші іске қосу кешенініӊ құрылысы жалғастырылуда.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Қаланыӊ автомобиль және көлік инфрақұрылымын дамыту тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы - Мақсұт Исахов баяндама жасады.

Ол өз сөзінде, "Жол қозғалысын басқарудыӊ автоматтандырылған жүйесі нысандарыныӊ құрылысы мен жетілдірілуі" жобасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы Басқарма тарапынан 10 реттелмелі жаяу жүргінші өткелдері салынып, 3 бағдаршам нысаны қайта қалпына келтірілді және жаяу жүргіншілер қозғалысыныӊ жиілігі көп, апаттық жағдайы жоғары, балалар қамтылған мекемелерді қосқандағы магистралды көпжолақты көшелердегі реттелмейтін 105 жаяу жүргінші өткелдері жайластырылды,-деп мәлімдеді.

Басқарма басшысыныӊ ақпаратынша, БРТ (жоғарыжылдамдықты автобустық қозғалыс) желісініӊ 1-бөлігініӊ көше-жол желісін қайта жөндеу жұмыстары жалғастырылып, депоныӊ 2-бөлігініӊ құрылысы жобалануда.

3,1 шақырымды құрайтын метро желісі, "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерін қамтитын Алматы қаласы метрополитенініӊ бірінші желісініӊ екінші кезеӊініӊ екінші іске қосу кешенініӊ құрылысы жалғастырылуда. Аталған станцияларды іске қосу арқылы жолаушылар ағыны жылына 18 млн-ды құрап, 1,5 есеге өсіп отыр.

Атмосфералық ауаныӊ ластануын төмендетіп, жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында ұзындығы 22,72 шақырымды құрайтын ЛРТ (жеӊіл-рельсті трамвай) жобасын ендіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде,-деп сөзін аяқтады М.Исахов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны