19.07.2011, 11:00 3512

Алматыда жыл басынан бері құны 3,5 млрд теңге болатын үш инвестициялық жоба іске қосылды

"ОБИС" ЖШС жүзеге асырып отырған құрамында шырыны бар сусындарды ыстықтай құю технологиясы бойынша жасау жобасының жалпы құны 3 млрд 326 млн теңгені құрап отыр. Сонымен бірге, Алматы қаласында "Алматы ашытқы зауыты" АҚ-ның негізгі өндірісті қайта жөндеу жобасы да жүзеге асырылуда. Ал "Шебер МІХ" ЖШС құрғақ құрылыс қоспалары зауытын қайта жөндеу жобасына кірісу үстінде.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығында құны 3 млрд 550 млн теңге болатын үш инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ОБИС" ЖШС жүзеге асырып отырған құрамында шырыны бар сусындарды ыстықтай құю технологиясы бойынша жасау жобасының жалпы құны 3 млрд 326 млн теңгені құрап отыр. Сонымен бірге, Алматы қаласында "Алматы ашытқы зауыты" АҚ-ның негізгі өндірісті қайта жөндеу жобасы да жүзеге асырылуда. Ал "Шебер МІХ" ЖШС құрғақ құрылыс қоспалары зауытын қайта жөндеу жобасына кірісу үстінде.

Жалпы алғанда, Алматыда 2010-2014 жылдары Индустрияландыру картасының 17 жобасы жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 2 109 адам жобаларды жүзеге асыруға қатысса, 2 160 адам сол орындарда тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмек. Ал Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының барлық жүзеге асу кезеңінде Алматыға құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 122 млрд 967 млн теңгені құрамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны