17.07.2007, 13:58 2968

Алматыда жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік құны қымбаттамайды - Қазақстанның бағалаушылар қауымдастығының өкілі

АЛМАТЫ. 17 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік құны қымбаттамайды. Қазақстанның бағалаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Александр Калинин бүгін өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

АЛМАТЫ. 17 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік құны қымбаттамайды. Қазақстанның бағалаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Александр Калинин бүгін өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз алыпсатарларға, басқаша айтқанда, қазір инвестор деген әсем сөзбен аталатындарға жылжымайтын мүлік нарығына қаржы құя берсеңдер, артынан сан соғасыңдар деп түсіндірудің арқасында бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік алдық. Сөйтіп олар сәл байыз тапты", - деп мәлімдеді А. Калинин. "Өз басым сарапшы талдаушы ретінде мүлікті заңдастыру шарасы аяқталғаннан кейін бұл процесс тіптен тұрақтана түседі деп сендіремін, өйткені, жылжымайтын мүлік нарығына ағылатын "қара" қаржының көзі тыйылады", -деді ол.

Бағалаушының түсініктемесіне сәйкес, жылжымайтын мүлік бағасы үш айдан бері бұрынғы деңгейде қалып отыр, демек, "олар 30%-ке көтерілген жоқ, соған сәйкес "бір рубль үнемдегенің - бір рубль пайда тапқаның" деген нақыл сөз бар. "Өз басым жаңа Салық кодексінің, мүлікті заңдастыру шарасынан кейін енгізілетін жаңа ережелердің жобасын жасауға атсалысқан адам ретінде білетінім, басы артық мүлікке салық салынады, өзара айырмашылықтағы салық салу жүйесі қолданысқа енгізіледі, демек, адамның бір басында 200 пәтердің болуы пайдасыз болмақ", - деді А. Калинин.

Алайда, оның пікірінше, осындай жағдайда құрылыс салушылар "бағаны ұстап тұру немесе оны көтерудің жолдарын іздеуде, цементке қатысты ымыраластық, жер телімдерінің бағасының аспандауы секілді көріністер осының кесірі". "Қазір құрылыс салушы компаниялар жылжымайтын мүлік нарығында бағаны жоғары деңгейде ұстап тұру үшін сатып алу құнын аспандату жолын пайдаланатын ахуал қалаптасып отыр", - деді ол.

"Мен құрылыс салушы компаниялар мен банкирлерге сатып алу құнының жоғары болу себебін түсіндіре отырып, келіңіздер, сіздерге нақты бағаны есептеп береміз деп шақырсам, олар бізге оның қажеті жоқ деген жауап береді. Ал жоғары бағаға саудаласқан адамдармен кездессек, олар айтады: 200 мың сұраймыз, олар айтады: жақсы, береміз, бірақ, жеңілдік 10 процент дейді",- деді ол.

Атқарушы директордың айтуынша, қазірдің өзінде Алматыда пәтерді сату қиын, өйткені, халықтың сатып алу қабілеті төмен. "Бірінші рынок та, екіншісі де ештеңе сата алып отырған жоқ, айналым жоқ", - деді А. Калинин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны