08.10.2009, 18:07 3529

Алматыда "Жол картасы" бағдарламасы аясында 34 нысанның күрделі жөндеуі мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Алматыда "Жол картасы" бағдарламасы аясында 34 нысанның күрделі жөндеуі мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы "Жол картасы" бағдарламасы аясында Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 34 нысанның күрделі жөндеуі мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, соның ішінде 5 нысан - сумен қамтамасыз ету жүйелері, 7 нысан - кәріз жүйелері және тазарту құрылыстары, 22 нысан - жылумен қамтамасыз ету жүйелері.

Алмалы, Иуезов, Медеу және Түріксіб аудандарындағы су құбыры және кәріз жүйелерін күрделі жөндеу, "Алматы Су холдингі" МКК-ның кәріздік тазарту құрылыстарының модернизациясы және 6 ауданда (Жол картасына кірмей қалған Алатау ауданынан басқа) жылу жүйелерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Берілген бағдарлама аясында 1 244 889 мың теңге бөлінді. 1 қазанға қарасты қаржыландыру жоспары 1 244 889 мың теңге құрайды, жалпы 100%-ы игерілді.

Қазіргі уақытта 34 нысанның ішінде 12 жүзеге асырылу сатысында, ал 22 аяқталды.

Жол картасын жүзеге асыру барысында ашылған жұмыс орны 1 736 құрды, соның ішінде 313 адам жұмыспен қамту орталығынан тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны