24.10.2006, 10:10 3752

Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықта мойындалатын қор биржалары мен рейтинг агенттіктерінің тізімі анықталды

АЛМАТЫ. 24-қазан. Kazakhstan Today. Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықта мойындалатын қор биржалары мен рейтинг агенттіктерінің тізімі анықталды. Осы жөніндегі бұйрыққа ҚР Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Бұл тізімге мыналар енді: NYSSE, NASDAQ, London Stock Exchenge, Euronext, Toronto Stock Exchenge, Deutsche Borse, Tokyo Stock Exchenge, BME Spanish Exchenge, Borsa Italiana, SWX Swiss Exchenge, Hong Kong Stock Exchenge, Shanghai Stock Exchenge, Singapore Exchenge, Taiwan Stock Exchenge Corp, ""Мәскеу банкаралық валюта биржасы" Қор биржасы" , "Бірінші қаржы нарығы сауда жүйесі" мен "Қазақстан қор биржасы" АҚ.

Ал рейтинг агенттіктерінің тізіміне : Мoody's Investors Service, Standard & Poor's и Fitch енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны