02.08.2017, 19:20 5191

Алматыдағы екі өӊдеуші кәсіпорын ҚР АӨК дамыту бағдарламасы шеӊберінде 2017-2021 жылдарға мемлекеттік қолдау тапты

Кредиттік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша берілген мемлекеттік қолдау 7%-ға борыштық жүктемені азайтады, болашақта үнемделген қаржы өндірісті кеӊейтуге мүмкіндік береді.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - "ЭФКО Алматы" және "Golden Food company", май және консервіленген өнімдерді өндіру компаниялары ҚР АӨК дамыту бағдарламасы шеӊберінде 2017-2021 жылдарға мемлекеттік қолдау тапты. Өтінім пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды.

Кредиттік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша берілген мемлекеттік қолдау 7%-ға борыштық жүктемені азайтады, болашақта үнемделген қаржы өндірісті кеӊейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, ауылшаруашылық өнімдерді тікелей отандық фермерлерден сатып алынады, бұл дегеніміз баға саясатыныӊ төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ Алматы агломерация ауданында Агроөнеркәсіптік кешенініӊ дамуына синэнергетикалық әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдыӊ 6 айыныӊ қорытындысы бойынша, 218 тағам өнеркәсіптері 130 млрд теӊгеге өнім өндірді,өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп.Алайда, тіпті азық-түлік өнімдерініӊ жекелеген түрлерін эскпортқа шығарғаныӊ өзінде Алматы өзін тек 35% қамтамасыз етіп отыр,бұл дегеніміз импорт алмастырудыӊ елеулі резервін көрсетіп отыр.

Тағам өнеркәсіп басшыларымен және ЕДБ өкілдерімен кездесуінде Алматы қаласыныӊ әкімініӊ орынбасары Ерлан Иукенов АӨК дамуында кәсіпкерлердіӊ қолдауыныӊ маӊыздылығын атап айтты.

"Бүгінгі күні Алматы қаласында АӨК дамуы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу басым болып тұр. Импортқа тұтынылатын ірімшік пен құс етініӊ жарты бөлігі, 40% астам шұжық өнімдері мен сары май шығарылады. Бұныӊ барлығы өз елімізде өндіріледі және азық-түлік өнімдерініӊ қауіпсіз екеніне негіз бола алады ", - деді Иукенов.

Осы орайда, мемлекеттік саясат өндірушілердіӊ белсенділігін арттыру мен бизнесті кеӊейту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ескере кетсек, "Бизнес жол картасы-2020" және " ҚР АӨК дамуы

2017-2021жылдарына" мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде, бюджеттен кредиттік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеме мен несиекепілдендіру және сақтандыру аясында жаӊа өндірістерді субсидиялауға 7,5 млрд теӊге бөлінді. Бағдарлама қатысушылары 27 компанияға жетті,- деп хабарлайды Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны