27.07.2018, 18:47 7122

Алматыдағы қоқыс өӊдейтін зауыт 1 қыркүйекте жұмысын бастайды

"2017 жылы желтоқсан айында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Жаӊа зауытта қоқыстар сұрыпталып, өӊделіп қана қоймай, олардан түрлі бұйымдар жасалады. Қоқыс өӊдеу зауыты Алатау ауданында орналасқан", - деді Исет Масабаев.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыдағы қоқыс өӊдейтін зауыт 1 қыркүйекте жұмысын бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Исет Масабаев Қоғамдық кеӊес алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.

Құрылыстыӊ мезгілінде аяқталмай, жұмыстыӊ кейінге шегерілуін басқарма басшысы аймақтағы инженерлік желілердіӊ кеш жүргізілгендігімен байланыстырды. Қазір құрылыс алаӊындағы жұмыстар кестеден кешіктіріле жүргізілуде. Бұған мердігерлердіӊ өзара соттасуынан мемлекеттік сатып алуларды екі мәрте өткізуге тура келгені де себепкер болған, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"2017 жылы желтоқсан айында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Жаӊа зауытта қоқыстар сұрыпталып, өӊделіп қана қоймай, олардан түрлі бұйымдар жасалады. Қоқыс өӊдеу зауыты Алатау ауданында орналасқан", - деді Исет Масабаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны