26.04.2010, 16:48 3513

Алматыдағы шығыс айналма жол жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - әкім

Алматыдағы шығыс айналма жол жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - әкім

Алматы. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыдағы шығыс айналма жол жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматыда шығыс айналма жолдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз оны осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазіргі қолданыстағы жолдар шығыс айналма жолмен қосылады", - деді Ахметжан Есімов.

Ол бұған қоса "2010 жылы қалада транспорттық инфрақұрылымды дамытуға шамамен 44,2 млрд теңге мемлекет қаражаты жұмсалатынын" атап өтті.

Атап айтсақ, оның хабарлауынша, "жол картасы аясында ұзындығы 160 шақырымдық жолдар жөнделеді". "Сондай-ақ, Азия ойындарына дайындық шеңберінде республикалық бюджеттен жолдарға 5,5 млрд теңге бөлінген", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны