14.05.2010, 17:35 3403

Алматыдағы Шығыс айналмалы жолын салуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 14,8 млн теңге бөлінді

Алматыдағы Шығыс айналмалы жолын салуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 14,8 млн теңге бөлінді

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы Шығыс айналмалы жолын салуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 14,8 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматының Шығыс айналмалы жолының құрылыс барысымен танысты. Оның жалпы ұзындығы - 7, 8 шақырым. Жалпы Шығыс айналмалы жолы Ил-Фараби - Достық даңғылдарынан Халиуллин көшесіне дейін созылып жатыр. Жол бойында Ил-Фараби - Достық даңғылдарындағы жол айрығы, "Кіші Алматинка" өзені, Луганская көшесі, Горный көшесіндегі тоннель, "Жарбұлақ" өзені бойындағы темір көпір, Халиуллин көшесі мен Құлжа трассасы бар.

"Құрылыстың жалпы сметалық құны - 57 411 128,19 мың теңге: оның ішінде құрылыс - монтаж жұмыстарының құны - 21,3 млрд теңге, бұзылған нысандарға берілетін құн - 36,1 млрд теңге",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құрылыс басталған 2007 жылғы сәуірден бері 29 млн 899 мың 721,44 теңге игерілген, оның ішінде 2009 жылы игерілгені - 10 млн 478 мың 780 теңге. Биыл әл- Фараби, Достық даңғылдары мен Балтабай көшесіне дейінгі жолдың бірінші кезегі аяқталады. Шығыс айналмалы жолының осы бөлігінің құрылысы 2010 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Екінші кезеңінің аяқталу мерзімі (Халиуллин көшесіне дейін) - 2011 жылдың желтоқсан айы.

Қала әкімі ШАЖ-ның құрылысын аралап көріп, жоспарланған істердің барлығы көрсетілген кестеге сай жүруі тиіс екендігін қадап айтты. Үстіміздегі жылдың қараша айында осы жол іске қосылса, қалада көлік кептелісі азаятын болады. Икім жол айналасын абаттандыру мен көгалдандыруға да жіті көңіл бөлу керектігіне назар аударды, деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов қала тұрғындарына ыңғайлы әрі қолайлы болуы үшін съездердің, айналмалы бұрылыстардың, жүргінші жолдарының құрылысына да ерекше мән беруді талап етті. Бұл мақсатқа 300 млн теңге бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны