31.07.2008, 10:45 3126

Алматыдағы тұрғын үй қорының 30%-ында шатырлар мен жертөледегі инженерлік коммуникацияларды күрделі жөндеуден өткізу қажет - әкімдік

Алматыдағы тұрғын үй қорының 30%-ында шатырлар мен жертөледегі инженерлік коммуникацияларды күрделі жөндеуден өткізу қажет - әкімдік

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы тұрғын үй қорының 30%-ында шатырлар мен жертөледегі инженерлік коммуникацияларды күрделі жөндеуден өткізу қажет. Бұл туралы Алматы қаласының әкімшілігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен коммуналдық тұрғын-үй мәселесіне арналған кеңейтілген мәслихатта Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үй қорының басым бөлігі 60-80-шы жылдары салынған үйлер. Қазір 2 мыңнан астам үйде шатырлар мен жертөледегі инженерлік коммуникацияларды күрделі жөндеуден өткізу қажет", -деді С. Құсайынов.

2115 үйде ішкі жылыту жүйелерінің жұмыс істеу мерзімі өтіп кеткен.

"Пәтер қожайындары өз баспаналарының жоспарын өзгерткен кезде жылу беретін мекемелермен келіспей, өз беттерімен қосымша жылыту құралдарын мен "жылы едендерді" орнатып алады. Бұл жалпы үйлердің жылу және электр қамтамасыздығының бұзылуына алып келеді", -деді С. Құсайынов.

Икімдіктің мәліметінше, Алматыда жалпы аумағы 16 млн шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі 7 059 тұрғын үй бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны