07.12.2016, 12:58 4567

Алматыдағы жаӊа жылыжай кешені көкөніспен жабдықтауды бастады

"ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ қаржылай қолдаумен Алматыда салынған Қазақстандағы еӊ үлкен Жылыжай кешені елдіӊ оӊтүстік астананыӊ сауда желілеріне өз өнімдерін жеткізе бастады.

Алматы. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ қаржылай қолдаумен Алматыда салынған Қазақстандағы еӊ үлкен Жылыжай кешені елдіӊ оӊтүстік астананыӊ сауда желілеріне өз өнімдерін жеткізе бастады.

Республиканыӊ АӨК маӊызды нысан "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ 10 жылдығы және Қазақстанныӊ Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында іске қосылды.

"BRBAPK" ЖШС-ніӊ жалпы құны 7,8 млрд. теӊге тұратын алаӊы 12 га жылыжайын "ҚазАгро" құрылымындағы компания - "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған. Объект оӊтүстік астананыӊ Алатау ауданында орналасқан және 3 200 тонна қызанақ пен 4 000 тонна қиярдыӊ жылдық өндірісіне бағдарланған. Өндірісте Dalsem голланд компаниясыныӊ технологиясы қолданылады. Шамамен 150 адамды жұмыспен қамту көзделген. Қазірдіӊ өзінде өндірісте шамамен 150 адам еӊбекпен қамтылған.

"BRB APK" ЖШС директоры Нұрлан Иділханныӊ айтуынша,бүгінніӊ өзінде жылыжай күн сайын 20 тонна қияр шығарады, қызанақ та пісуге жақын. "Біздіӊ негізгі артықшылығымыз, қолданатын технологиядан басқа сауда желілерініӊ қолжетімді әрі жақын орналасуы және өндірісті ауыздықтау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі бар. Ирине, кешен отандық нарықтыӊ көкөніс өнімдеріне қажеттілігініӊ бәрін жаба алмайды, бірақ сөзсіз импорт алмастыруға және қазақстандық сатып алушыларды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізеді" - деді жобаныӊ жетекшісі.

Бүгінгі таӊда отандық фермерлерді қолдап, маусымаралық кезеӊде көкөніс өнімдеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, "ҚазАгро" ұлттық холдингі алаӊы 147 га жерде өнеркәсіптік типтегі жылыжай кешендерін тұрғызу бойынша 41 жобаны қаржыландыруға мақұлдады. Олардыӊ жиынтық құны 46,5 млрд. теӊге, ал өндірістік қуаты - жылына 63 мыӊ тонна жеміс пен көкөніс өнімдері. Қазіргі уақытқа бұдан бұрын мақұлданған жобалардыӊ 33-і өндіріске ендігі қосылып та қойған. Қолданыстағы жылыжайлардыӊ ішіндегі еӊ белгілісі - "Green Land Alatau" ЖШС (Алматы обл.), "Аделя" ШҚ (ОҚО), "Қазақстанныӊ Жылыжай Технологиялары" ЖШС (Ақмола обл.) жылыжайлары.

"BRB APK" ЖШС жылыжай кешені - бұл 530 инвестициялық жобаныӊ біреуі, ол "ҚазАгро" ұлттық холдингтіӊ компаниялары тобымен қаржыландыруға мақұлданған. Оныӊ жиынтық құны - 285 млрд. теӊге. Іс жүзінде, бұл инфрақұрылымдық жобалар, олар аграрлық саладағы - ет және сүтті мал шаруашылығынан бастап өсімдік шаруашылығы мен өнімдерді қайта өӊдеуге дейінгі түрлі бағыттарды дамыту үшін серпін береді. Бүгінгі күні осы жобалардыӊ ішінде пайдалануға берілгені - 490 жоба, оныӊ көп бөлігі толық жобалық қуатқа шықты" - деді "ҚазАгроФинанс" АҚ -ніӊ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Тимур Қарағойшин.

Сонымен бірге, жеміс пен көкөніс өнімдерініӊ өндірісін қолдау шеӊберінде, "ҚазАгроныӊ" компаниялар тобы суару жүйесін қолданып өнім өндіретін құны 19 млрд. теӊге және жиынтық қуаты жылына 239 мыӊ тонна болатын 66 жобаны мақұлдады. Қазір 63 жобасы іске қосылған. Қолданыстағы объектілердіӊ ішінде "Арғын" ШҚ (Қарағанды обл.), Айдарбаев ШҚ (Алматы обл.) жобаларын атап өтуге болады.

Бақтарды құру мен дамыту бөлігінде, Холдинг жиынтық қуаты жылына 31 мыӊ тонна жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіретін құны 6 млрд. теӊге тұратын 14 жобаны мақұлдады. 14 жобаныӊ бәрі де іске қосылған. Олардыӊ ішіндегі еӊ ірілері - "Аманкелдi" ЖШС (ОҚО), "Alma Green Fields" ЖШС (Алматы обл.).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ мәліметі бойынша, республикадағы ерте көкөніс өндірісініӊ көлемі 2015 жылы 147,7 мыӊ тоннаны құрады, ол ұлттық тұтыну нормасына сәйкес, елдіӊ ішкі қажеттілігініӊ тек 83%-ын ғана құрайды. Бұл маусым аралығы кезеӊінде көкөніс өнімініӊ көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікке әкеледі. Қазіргі уақытта, республика тұрғындарыныӊ жабық топырақтағы көкөніске қажеттілігі шамамен 175 мыӊ тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны