25.09.2017, 18:51 5004

Алматылық стартапшылар жүлде қоры 5 млн теӊгені құрайтын Startup Day және Tech Garden Cup байқауларына қатысты

Алматылық стартапшылар Tech Garden Fair 2017 технологиялар мен стартаптардыӊ III фестивалі шеӊберінде жүлде қоры 5 млн теӊгені құрайтын Startup Day және Tech Garden Cup байқауларына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматылық стартапшылар Tech Garden Fair 2017 технологиялар мен стартаптардыӊ III фестивалі шеӊберінде жүлде қоры 5 млн теӊгені құрайтын Startup Day және Tech Garden Cup байқауларына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқауларға 200-ден астам стартап-жобалар ұсынылды. Tech Garden Cup қорытындысы бойынша 500 000 теӊге мөлшеріндегі жүлдені "Бухта.кз" (бухгалтерия және онлайн-сервис) жобасы жеӊіп алды, деп хабарлайды Алматы қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Алмас Мәдиев ашты. Ол инновациялық экожүйені дамытудағы фестивальдіӊ атқаратын жоғары рөлін атап өтті.

"Бұл фестиваль Елбасыныӊ "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" жобасында инновациялық секторды дамыту, ғылыми сыйымдылығы жоғары экономика құру, сондай-ақ, экономиканыӊ технологиялық секторларына инвестициялар тарту бойынша берген тапсырмаларын орындауға жасалған тағы бір қадам. Сондай-ақ, қалада инновациялық жаӊашылдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ шеӊберінде былтыр біз 31 кәсіпкерге қолдау көрсеттік, олар 84 млн теӊге мөлшерінде грант алды. 2017 жылы грант жеӊіп алғандар саны екі есеге өсіп, 65-ке жетті. Олар 145 млн теӊгеніӊ гранттық қаржыландыруына ие болды. Біз жас кәсіпкерлер мен стартапшыларды бағдарламаға келесі жылы да қатысуға шақырамыз. Құжаттар 2018 жылдыӊ мамыр айында жиналады", - деді Алмас Мәдиев.

Мекеменіӊ ақпаратына сәйкес, байқаулардыӊ барлық жеӊімпаздары Almaty Tech Garden аясында акселерациядан өте алады, бұл менторлардан дәріс алуды, нетворкинг, салалық сараптамадан өтуді, жобаларды ілгерілету және жұмыс орнын жабдықтау бойынша қолдау алуды білдіреді. Ауқымын кеӊейту (масштабтау) әлеуеті бар еӊ келешегі зор жобалар Startup Kazakhstan халықаралық акселерациялау үшін іріктеуден өтеді. Оған қатысушылар $100 000 мөлшеріне дейін инвестиция және АҚШ-тыӊ Силикон аӊғарында дайындықтан өту мүмкіндіктеріне ие болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ президенті Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арнаған жолдауында ел халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылып, ол мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты ретінде жарияланған, бұл ретте "халық үшін нақты нәтижелерге" алып келуге бағытталған жеке инвестициялар мен жобаларға ерекше рөл берілген. Сондай-ақ, президент білім беру - басты буыны болып табылатын жаӊа экономикалық өсім моделін құру мақсатын қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны