10.10.2017, 17:29 4407

Алматылықтар салынып жатқан үйді нарықтық құннан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады

Бүгін Алматыда азаматтарға тұрғын үйді оныӊ нарықтық құнынан 15-20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін үлестік құрылыс жобасы талқылануда.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда азаматтарға тұрғын үйді оныӊ нарықтық құнынан 15-20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін үлестік құрылыс жобасы талқылануда. Диалог алаӊына "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымдары "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ және 40 құрылыс компаниясыныӊ басшылығы жиналды.

- Бүгінгі күні 140 мыӊнан астам Алматы тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ көмегімен баспаналы болу үшін қаражат жинап жатыр. Олардыӊ жинақ сомасыныӊ жалпы көлемі 75,6 млрд теӊгені құрайды. Жиналған ақша қазірдіӊ өзінде тұрғын үй заемын ресімдеуге және 15 000-нан астам пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда біздіӊ салымшылар үшін тұрғын үйдіӊ тек жайлы және сапалы ғана емес, қолжетімді болғаны да керек. Үлестік жобаны іске қосу бұл іске оӊ ықпал ететін болады, - деді кездесуде ТҮҚЖБ Алматы қалалық филиалыныӊ директоры Рахила Балтабаева.

Халық үлестік жобаларға қатысқанға дейін құрылыс компанияларына Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорынан кепілдік немесе әкімдіктен рұқсат алу қажет болады. Құрылыстыӊ аяқталуына берілетін кепілдік үй сатып аламын деп отырған жандардыӊ тәуекелін барынша азайтады. Құрылыс жүргізуші компанияныӊ банкрот болуы, қаржыныӊ көзделген мақсатта жұмсалмауы, пайдалануға беру мерзімініӊ бұзылуы секілді кепілдік жағдайы туындаса, Кепілдік беру қоры нысанды салып бітіреді. Қазіргі уақытта салынып жатқан екі нысан, атап айтқанда Астанадағы "Миллениум парк" ТҮК-ініӊ секциясы және Алматыдағы "Легенда" ТҮК-ініӊ алғашқы кезегі Қор кепілдігіне ие болды. Жақын арада мұндай кешендердіӊ қатары өспек.

- Бүгінгі күні "Кепілдікті жарна мөлшерлемесін анықтау әдістемесіне" енгізілген өзгерістердіӊ мемлекеттік тіркеуден өту рәсімі аяқталды. Бұл өзгерістер бағалаудыӊ скорингтік моделі бойынша 60 және одан жоғары ұпай жинаған жағдайда барлық құрылыс жүргізушілері үшін кепілдікті жарна мөлшерлемесін 2% деӊгейінде бекітуді қарастырады. Бұл қаржылық және үш сапалық көрсеткіш бойынша 60 және одан жоғары ұпай жинаған құрылыс жүргізуші кепілдікті жарнаны осыған дейін қолданыста болған 2-6% аралығында емес, жоба құныныӊ 2%-на теӊ көлемде төлейтінін білдіреді, - деп атап өтті "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдік беру департаментініӊ директоры Жаӊыл Саяқова.

Осы уақытқа дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Астанада үлестік құрылыс бойынша бір жобаны жүзеге асырған болатын. 1 шаршы метрініӊ бағасы 290 000 теӊге болған, 100 пәтерден тұратын нысаннан 800 салымшы үміткер атанған еді. Үлестік жобаға ТҮҚКБҚ кепілдігімен қатысу несиені болашақ пәтерді кепілге қою арқылы несие алу құқығын береді. Яғни Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысына қосымша кепіл іздеп, ұсынып жатудыӊ қажеті жоқ. Ол үй құрылысы жүріп жатқанда-ақ заем алып, несиесін жаба бастайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны