13.01.2014, 19:49 4229

"Алматыметроқұрылыс" АҚ Алматы метрополитенінің екінші кезектегі өтпелі туннелін іске асырады

"Алматыметроқұрылыс" АҚ Сайран мен Мәскеу станциялары енетін 2,74 км-лік екінші кезектегі құрылысты іске асырады. Қазіргі кезде станцияаралық жолдар мен өзге де құрылыстар белсенді жүргізілуде.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. "Алматыметроқұрылыс" АҚ Алматы метрополитенінің екінші кезектегі Мәскеу бекетіндегі өтпелі туннельді іске асырады, деп хабарлайды Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ Сайран мен Мәскеу станциялары енетін 2,74 км-лік екінші кезектегі құрылысты іске асырады. Қазіргі кезде станцияаралық жолдар мен өзге де құрылыстар белсенді жүргізілуде.

Екінші кезектегі метрополитен кешенінің бірінші құрылысы басталды. Бұл Сайран мен Алатау арасындағы жер асты байланыс жолы 2011 жылдың сәуір айы мен 2012 жылдың қаңтары аралығында жүргізілген.

Сайран станциясы Абай көшесінің Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің астында орналасқан. Ал Мәскеу станциясы болса, ол да Абай көшесіндегі Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелері аралығындағы астында орналасқан. Қазіргі кезде құрылыстар ашық әдіспен жүргізілуде.

Айта кету керек, екінші кезектегі бірінші кешеннің қаржыландырылуы республикалық бюджеттен жүргізілді. Ал кейбір құрылғылар мен керек-жарақ шығыны жергілікті бюджет есебінен алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны