07.12.2011, 14:39 4092

Алматының 2012 жылғы бюджеті бекітілді

IV шақырылған Алматы мәслихатының 50-ші сессиясы қала бюджетін Т301 млрд мөлшерде бекітті.

Алматы. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматының 2012 жылғы бюджеті бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынща, IV шақырылған Алматы мәслихатының 50-ші сессиясы қала бюджетін Т301 млрд мөлшерде бекітті.

"Осылайша, республикалық трансфертті ескере отырып, Алматы қаласының бюджетін 2012 жылға 301 млрд 806 млн 928 мың теңге мөлшерінде бекіту ұсынылады. Қаланың нақты бюджеті, егер бюджеттік алып тастауларды ескерсек, 225 млрд 236 млн 304 мың теңгені құрайды", - деп Алматының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов сәрсенбі күні мәслихат сессиясында мәлім етті.

Өз кезегінде мәслихат деаутаттары ұсынылған 2012 жылғы қала бюджетін бекітті.

Мәслихаттың таратқан ақпараттық баянында көрсетілгендей, алдағы жылы жергілікті бюджетке келетін түсім Т206,1 млрд мөлшерде анықталған, оның ішінде салықтық түсімдерден - Т202 млрд, салық емес түсімдерден - Т938 млн, негізгі капиталды сатудан түсім бөлімінде - Т2,67 млрджәне бюджеттік несиелерді өтеу бөлігінде - Т127 млн.

Одан басқа, үкіметтің "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы" ҚР заңын іске асыру туралы" қаулысына сай республикалық бюджеттен мақсаттық трансферт сомасы Т95 млрд 741 млн 530 мың мөлшерде бекітілген.

Бұл ретте Алматы қаласының бюджеттік алымдары 2012 жылға Т45 млрд 570 млн 624 мың көлемінде бекітілді.

Алматының 2012 жылғы аймақтық жалпы өнім (АЖӨ) болжамы Т4648,3 млрддеңгейінде деп бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны