Система Orphus

Алматыныӊ 2016 жылға нақтыланған бюджеті 512 млрд. 662 млн. 572,2 мыӊ теӊгені құрады

28.09.2016, 14:41 3791

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ 2016 жылғы жергілікті бюджеті 30 млрд. теӊгеге нақтыланды. Бұл туралы қала Мәслихатыныӊ кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ бастығы Мақсат Қиқымов айтып өткендей, бұл қаржы мына шараларды жүзеге асыруға жұмсалады: жедел жәрдем қызметініӊ материалдық- техникалық базасын нығайтуға, ІІД-не, көлік жүйесін жасқартуға, қала тұрғындарыныӊ діни сауатын арттыруға, қаланы жасылдандыруға, электромобильдер станцияларын құруға, білім, денсаулық сақтау нысандарыныӊ сейсмикалық қуатын күшейтуге, қалаға қосылған елді мекендерге газ жүргізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге.

"Депутаттар жалпы құны 5,1 млрд. болатын жаӊа коммуналды автобус паркін салуды және жеклеген азаматтар үшін жеӊілдетілген жолақысын төлеуге 595,3 млн. теӊге бөлуді ұсынды", - деді М.Қиқымов.

Сессия барысында қоғамныӊ қауіпсіздігін күшейтуге ерекше назар аударылды. Көлікке және адамдар көп жиналатын жерлерге видео-мониторинг жүргізу жобасына 8,6 млрд. теӊге, жол қозғалысы ережесін бұзғандарға видео-фиксация жасау жобасына 5,8 млрд. теӊге бөлінеді.

М.Қиқымов 2017 жылы жобаларды қосалқы қаржыландыру үшін мақсатты трансферт тер есебінен 1,4 млрд. те ӊге бөлу қажеттігін, оныӊ емхана, 5 мектеп, 7 бала бақша, Наурызбай ауданындағы аудандық ІІБ-ныӊ ғимаратын, қалаға қосылған елді мекендерге электр желісін тартуға жұмсалатындығын жеткізді.

Алматы әкімі Б.Байбек Наурызбай ауданы мен қалаға қосылған елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда екендігін атап өтті. О л қаржыныӊ басым бөлігі қала экономикасын дамытуға, алматылықтар үшін жақсы жағдай жасауға, бизнеске жұмсалатындығын айтты.

"Егер орта жайлы болса, онда қоғамдық көлік жақсы жұмыс істейді, жолдар жасқарады, мектептер, ауруханалар, бала бақшалар салынады. Жақсы тұрмыс деген міне, осы, Жақсы инфрақұрылымды жасай отырып, біз бизнеске қолдау көрсетеміз. Ал бизнес өз кезегінде жаӊа жұмыс орындарын ашып, салық төлейді", - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, жергілікті бюджеттен 30 млрд. теӊгеніӊ бөлінуіне озық жоспарлаудыӊ, түрлі шығындарды азайтудыӊ, тиімді табыс көздерін жасаудыӊ, ОКБ-ді дамытудыӊ арқасында қол жетті.

Универсиада нысандарын саул арқасында 9,3 млрд. теӊге салық төленді.Мультипликативті ықпалға қазақстандық үлесті 64%-ға жеткізу арқасында қол жетті, құрылысты жүргізуге 1500 отандық кәсіпорындар қатысты.

Осылайша, Алматыныӊ 2016 жылға нақтыланған бюджеті 512 млрд. 662 млн. 572,2 мыӊ теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны