22.01.2016, 21:15 4553

Алматыныӊ ішкі өӊірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теӊгеден асты

Бұл туралы бүгін Алматыныӊ 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуыныӊ қорытындысы бойынша өткен жиында белгілі болды

Алматы. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін Алматыныӊ 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуыныӊ қорытындысы бойынша өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Экономикадағы күш алған дағдарысқа, негізі экспорттық тауарлар бағасыныӊ төмендеуіне қарамастан Алматы еліміздіӊ ірі мегаполисі ретінде дамудыӊ оӊ динамикасын сақтап қалды және қаланыӊ тұрмыс -тіршілігіне қатысты салалардыӊ негізгі көрсеткіштерініӊ төмендеуіне жол берген жоқ. Тіпті, Алматыныӊ ІӨӨ-і 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша қала тарихында алғаш рет 8,5 триллион теӊгеден асып, өсім 2,5%-ды құрады", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Алматы ел көлемінде республикалық ІЖӨ-ніӊ бес бөлігін, барлық салық түсімініӊ 27%-ын, көтерме сауданыӊ 48%-ын, бөлшек сауданыӊ 23%-ын, сыртқы сауда айналымыныӊ алты бөлігін, екінші деӊгейлі банктердіӊ несие портфелініӊ 60%-ын қамтамасыз етеді.

Қаланыӊ негізгі экономикасы кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Олар ІӨӨ-ніӊ 25%-ын, салық және басқа да төлемдердіӊ 43% ын береді.

Өнім өндіру көлемі 646,3 миллиард теӊгені құрады. Өнім өӊдеу кәсіпорындарыныӊ жалпы қалалық өнім көлеміндегі үлесі 73, 6% -ды құрайды.

Алматыда әлеуметтік сала кеӊ қанат жаюда. Қазіргі кезде мемлекеттік- жеке серкітестік аясында 25 бала бақша салу жоспарланған. Бұдан өзге, Мемлекет басшысыныӊ мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығын азайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда бар коттедждерді бала бақшаға көшіру жұмыстары қолға алынды.

Бұлардан өзге қаланыӊ спорттық инфрақұрымын дамытуға да жете назар аударылуда. 2015 жылы бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда 108 балалардыӊ ойын алаӊдары салынды. 2016 жылы осындай тағы да 150 алаӊ салу жоспарлануда.

Алатау ауданында Универсиада нысандары бой көтереді, 12 мыӊ орынды Мұз аренасы, атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мыӊ орынды Мұз аренасы салынып жатыр.

Жиын соӊында Б.Байбек мемлекеттіӊ алға қойған барлық әлеуметтік міндеттемелерініӊ орындалғандығын, әкімдіктіӊ алдағы уақытта да алматылықтардыӊ тұрмыс деӊгейін жасқартуда сындарлы жұмыс атқаратындығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны