07.09.2017, 15:13 4564

Алматыныӊ Қалақұрылысы кеӊесі бірқатар жобаларды бекітті

Қалақұрылыс кеӊесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соӊғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мыӊ орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мыӊ орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осыныӊ арқасында бюджеттіӊ 24 млрд. теӊге қаржысы үнемделді.

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Қалақұрылысы кеӊесінде көпәтерлі үш тұрғын үй мен PE&IT КБТУ институтыныӊ көпфнукционалды кешенін салу жобалары бекітілді.

Үш тұрғын үй кешенін салу 19 млрд. теӊге инвестиция тартуға, үш мыӊға жуық жұмыс орнын ашуға, 120 орынды екі бала бақша тұрғызуға мүмкіндік береді.

Мысалы,Бостандық ауданындағы Радостовец көшесініӊ батысынан Қожабеков көшесініӊ солтүстігіне қарай бірыӊғай архитектуралық ансамбльді құрайтын 14 қабатты екі нысанныӊ құрылысы басталады. Тұрғын кешенін жобалау барысында абаттандыру, демалыс аймағын жасылдандыру, балалар алаӊдарын жасау,кіші пішінді архитектуралы формаларды қою қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 16 ай.

Түрксіб ауданыныӊ "Қайрат" ықшам елді мекенінде сауда орталығы бар тұрғын кешені пайда болады. Жобада он бір 9 қабатты тұрғын үй, сауда орталығы, 200 орынды паркинг пен мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін салу көзделген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 36 ай. Кешенніӊ тұрғын үйлері Рысқұлов көшесіне тіке орналасады, инвестор жоба аясында тұрғындар мен қаланыӊ экстренді қызметтері үшін өте қолайлы Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін көпірді тегін салып беруді жоспарлап отыр.

Бұлардан өзге, Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесі бойында 3 секциядан тұратын әрқайсысы 12 қабатты тұрғын кешені бой көтереді.Кешенде коммерциялық негіздегі нысандар, жеке жер асты паркингтер болады және аула кеӊістігі ұтымды пайдаланылады.

Жобаларды қарау барысында құрылысты салушылардыӊ назары көліктер тұрағыныӊ санына, ішкі әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға,түнде үйлердіӊ сыртын жарықтандыруға, кішімобильді топтарға жағдай жасауға, алаӊдарды жасылдандыруға аударылды.

Алматыныӊ Қалақұрылысы кеӊесінде PE&IT КБТУ интситутыныӊ "Алатау" ықшам ауданында бой көтеретін қосалқы нысандары бар көпфункционалды кешенініӊ ұзақ мерзімді жобасы да қаралды.

"ПИТ" АЭА - тыӊ 30 га жеріне орналасатын кешен шартты түрде екі бөліктен тұрады, олар- оқу-жаттығу полигоны және кешенніӊ ғылыми- өндірістік аумағы мен оқу-әкімшілік корпустыӊ, мультмедиялық орталықтыӊ, асхананыӊ, студенттік орталықтыӊ, ғылыми- зерттеу лабораториясыныӊ және басқаларыныӊ басын біріктіретін көпфункционалды нысан. Жобаныӊ құны - 118,9 млрд. теӊге. Құрылыстыӊ аяқталу мерзімі - 52 ай.

Қалақұрылыс кеӊесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соӊғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мыӊ орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мыӊ орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осыныӊ арқасында бюджеттіӊ 24 млрд. теӊге қаржысы үнемделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны