18.05.2018, 12:33 7081

Алматыныӊ кіші көлік айналымында жаӊа жолайрықтары пайда болады

Сейфуллин даӊғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрығын салу көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады. Құрылысты аяқтау 2019 жылдыӊ төртінші тоқсанына жоспарланған.

Алматы. 18 мамыр Kazakhstan Today - Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек үш жаӊа көлік жолайрықтарыныӊ құрылысын тексерді және Абай мен Назарбаев даӊғылдарын одан әрі үӊгілеу жұмыстарымен танысты.

Мегаполис басшысы қала инфрақұрылымын дамытуда кешенді әдістіӊ маӊызды екенін атап өтті. Егер орталықта көшелер жүргіншілер қалауына сай қайта жаӊарса, ал қала айналасында көлік қозғалысыныӊ легі үшін қажетті жағдайды жасаған жөн.

Назарбаев даӊғылын Жансүгіров көшесіне дейін үӊгілеу "Солтүстік - Оӊтүстік" бағытында Сейфуллин даӊғылы бойынша көлік жүктемесін едәуір азайтады. Қазіргі кезде мұнда эстакада қабырғаларын монтаждау және нысанныӊ тіректерін жасау жұмыстары жүруде. Осы учаскеде көлік қозғалысын белгіленген мерзімнен екі ай бұрын, яғни қазан айында ашу жоспарланған.

Өз кезегінде Сейфуллин даӊғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрығын салу көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады. Құрылысты аяқтау 2019 жылдыӊ төртінші тоқсанына жоспарланған.

Рысқұлов даӊғылы мен Құлжа трактісініӊ қиылысында да жаӊа жолайрығы салынуда, бұл солтүстік-шығыс бағыттағы кіші көлік айналымыныӊ көлік өткізу қабілетін арттырады. Қазіргі кезде мұнда эстакада тіреуініӊ астына өндіріс қондырғылары орнатылуда және инженерлік желілер қайта ауыстырылуда. Рысқұлов даӊғылы мен Емцов көшесі бойына да жаӊа жолайрығы бой көтеруде.

Наурызбай ауданын орталықпен қосу үшін Шаляпин және Жандосов көшелеріне басымдылық берілуде, Абай даӊғылын Ишімов көшесінен қала шекрасына дейін үӊгілеу жалғасуда.

Айта кетерлігі, биылғы жылы мегаполисте бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары жаӊарады. Қаланыӊ барлық аудандарында 150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны