12.06.2008, 10:45 1991

Алматының Медеу ауданында шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген

Алматының Медеу ауданында шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Медеу ауданында ағымдағы жылдың 10 маусымдағы жағдайы бойынша шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген, ол барлық салық төлеушілердің 9,4%-н құрайды, оның ішінде: 6 663 - заңды тұлға, 2 995 - жұмыс істеп тұр, 9 934 - жеке кәсіпкерлер, 8 455 - жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі медеу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандағы барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдер 17 166, 2 млн. теңгені құрайды, бұл бюджетке түсетін барлық жалпы салық көлемінің 22,5% тең.

"Бүгінгі күні шағын тіркелген кәсіпорындардың арасындағы ең үлкен үлес сауда кәсіпорындарына (дүкендерге) - 27,2%, қоғамдық тамақтандыруға - 15,5% және қызмет көрсету салаларына - 16,8%-дан келеді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны