26.09.2016, 09:03 3914

Алматыныӊ Наурызбай ауданында "Look at the future" инвестициялық форумы өтті

Аудан әкімі негізгі капиталға инвестицияныӊ көлемі аудан бойынша 6,5 млрд теӊгені құрағандығын айтты және ол өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 есеге өсетін болады. 2016 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестиция көлемі 23,6 млн теӊгені құрады.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Наурызбай ауданында "Look at the future" инвестициялық форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Шара барысында аудан әкімі Сайран Сайфеденов жаӊадан қосылған облыстыӊ инвестициялық әлеуеті туралы әӊгімелеп берді.

"Қазіргі күні Наурызбай ауданы 6967 га жер алқабы бар алаӊ және ол әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік және өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ құрылысына арналған. Сонымен қатар, ауданда 700-ден астам жер учаскелері бар, ал ол ауыл шаруашылығын дамытуға арналған - жылыжай құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, алма бақшаларын салу және тағы басқалар",-деді Наурызбай ауданыныӊ әкімі.

Сайран Сайфеденов ауданныӊ инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалын жақсарту туралы айта келе, бүгінгі күні 1200 орынға арналған мектеп пен ауысымда 500 келушіге арналған емхана салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Сонымен қатар, 2014 жылдан 2016 жылға дейін ауданда 50 шақырым болатын 70 көшеніӊ автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаӊа арық желілері салынуда, 20 шақырым болатын 8 магистралдық көшелерге сыртқы жарықтандыру желісі салынатын болады.

"Инвестициялық тартымдылықты, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлардыӊ қызығушылығы көрсетеді. Осылайша, ауданда аквапарк салу жоспарлануда. Сонымен қатар, инвесторлар көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға, ірі агроөнеркәсіптік кешен тұрғызуға ниетті және олар көліктік-логистикалық орталықтыӊ қызметін атқаратын болады",-деді С. Сайфеденов.

Аудан әкімі негізгі капиталға инвестицияныӊ көлемі аудан бойынша 6,5 млрд теӊгені құрағандығын айтты және ол өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 есеге өсетін болады. 2016 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестиция көлемі 23,6 млн теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны