14.12.2007, 16:54 3262

Алматының санитарлық - індет қадағалау департаменті 2007 жылы 26 мың тонна ішімдік өнімдерін сапасыз деп тапты

Алматының санитарлық - індет қадағалау департаменті 2007 жылы 26 мың тонна ішімдік өнімдерін сапасыз деп тапты

Алматы. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы санитарлық - індет қадағалау департаменті 2007 жылы 26 мың тонна ішімдік өнімдерін сапасыз деп тапты. Бұл туралы бүгін департаменттің тамақ гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Лариса Лян мәлімдеді.

Оның сөздері бойынша, сапасыз заттарды сатқаны үшін, 130 айып салынып, бірқатар істер соттың қарауына жіберілді.

Л. Лян атап өткеніндей, соңғы кезде импорттық өнімдердің сапасыздығы жиі анықталып жүр, оның ішінде ТМД елдері де бар. Оған қоса Қазақстанға жөнелтілетін өнімдер мемлекеттік тілде жазылған маркалары жоқ.

"Эльдорадо" сату және маркетинг тобы компаниясының директоры Нұрлан Көшіковтың айтуынша, бүгінде Қазақстан нарығындағы импорттық ішімдік өнімінің үлесі мардымсыз. Ресей және басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда мұндай жағдай өнім бағасының өте жоғары болуынан орын алып отыр. Сондай-ақ, Қазақстанға сырттан кіргізілетін импорттық өнімдеріне төленетін кедендік баж салығы және акциздер бағаның өсуіне әсерін тигізуде.

Алайда, "КазАлко" қауымдастының төрағасы Иміржан Қалиев хабарлағанындай, былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, биылғы жылдың 10 айында Қазақстан нарығында импорттық арақ өнімдерінің үлесі 7 пайыздан 15 пайызға көтерілді.

"Бұл қауіпті беталыс, өйткені, бүгінде Қазақстанда сырттан дорбаланатын өнімдердің сапасы мен саны қадағаланбайды", - деп мәлімдеді И. Қалиев.

Қазақстанда 2007 жылдың 1 желтоқсанында ішімдік өндіретін 160 зауыт тіркелген. Оның қатарында 4 спирт зауыты, 18 арақ-спирт комбинаты, 15 арақ-ликер шығаратын зауыт жұмыс істесе, қалғандары шарап, коньяк өндірісімен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны