26.01.2016, 11:49 3989

Алматыныӊ ЖӨӨ 2015 жылы 8,5 трлн теӊгеден асты - Б.Байбек

Алматыныӊ жалпы өӊірлік өнімі 2015 жылы 8,5 трлн теӊгеден асты, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыныӊ жалпы өӊірлік өнімі 2015 жылы 8,5 трлн теӊгеден асты, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматыныӊ жалпы өӊірлік өнімі 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 8,5 трлн теӊгеден асқан. Бұл 2,5 есе өсімді көрсетеді", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Икімніӊ айтуынша, Алматы - елдіӊ ірі мегаполисі, ол ЖІӨ-ніӊ 20 пайызын құрап, мемлекетке салықтыӊ 31 пайызын түсуді қамтып отыр.

"Қазір біз мегаполис ретінде жеке капитал мен жеке бастамаларды қолдап, бизнестіӊ жұмыс орнын ашқанын қадағалауымыз қажет", - деп баса айтты ол.

Сондай-ақ, қала басшысы айтып өткендей, қазіргі жағдайда сатып алу сұранысын, сауданы ынталандырып, кәсіпорындарды қолдау аса маӊызды.

"Бүгінде көтерме сауда көлемініӊ жартысы, бөлшек сауда операцияларыныӊ төрттен бір бөлігі, сыртқы сауда айналымыныӊ алтыдан бір бөлігі және екінші деӊгейдегі банктердіӊ портфелініӊ, несиелердіӊ 60% бізде. Жалпы, әлемдегі күрделі жағдайға және дағдарысқа қарамастан мемлекеттік бюджетке 1 трлн 36 млрд теӊге аударылды. Оныӊ ішінде республика бойынша артығымен атқару 10% және жергілікті бюджет бойынша - 6%", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны