06.05.2020, 18:17 8687

Алматы қаласында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматыда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн-брифинг болып өтті. Брифингте Алматы қаласы әл-ауқат Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Жұмыспен қамту жол картасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөніндегі бірқатар мәселелерге тоқталды.

"Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет қаулысымен "Жұмыспен қамту жол картасы" қабылданғаны белгілі. Бүгінде Алматы қаласында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда конкурстың процедуралар жүріп жатыр. Оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша, яғни, әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту; тұрғын-үй коммуналдық- шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту; инженерлік көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру сияқты жобаларға жолданатын болады" - деді Д. Әлкебайұлы.

Спикердің айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастар үшін басымдықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50%-ы болатын 26 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.

Спикер сондай-ақ, өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (cz-almaty.kz) жұмыс істейтінін, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар екенін, тіпті, өтініш беруге арналған сілтеме де көрсетілгенін айтып өтті.

Жол картасы аясында жұмысқа орналасуды жәрдемдесу үшін 6408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам - құрылыс алаңдарында жұмыс істеуге өтініш берген.

Барлығы 12 жоба тіркелді, 468 жұмыс орны ашылды, тіркелген жұмыссыздардың ішінде 38 адам жұмысқа орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны