10.07.2020, 14:13 5864

Алматы қаласының Наурызбай ауданында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф төмендетілді

Алматы қаласының Наурызбай ауданында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф төмендетілді

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Наурызбай ауданында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф төмендетілді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сумен жабдықтау қызметін көрсететін "Ермек ПЛЮС" ЖШС-нің 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

2019 жылға "Ермек ПЛЮС" ЖШС-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы 673 440 теңге.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, "Ермек ПЛЮС" ЖШС-не бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф 1 текше метрге ҚҚС-сыз 169,49 теңге мөлшерінде немесе 1 текше метрге ҚҚС-сыз 211,91 теңге қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 20,0 пайызға төмендетіп енгізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны