08.04.2022, 15:17 16791

Алматы маңындағы жаңа жел электр станциясы 2022 жылы іске қосылады

Алматы маңындағы жаңа жел электр станциясы 2022 жылы іске қосылады
АЛМАТЫ. 8 СӘУІР - Алматы қаласынан 140 шақырым жерде салынып жатқан қуаты 60 МВт жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) осы жылдың тамыз айының басында пайдалануға беріледі. 
 
 "Самұрық-Энерго" АҚ Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, станция жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. 
 

ЖЭС салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнын басады", – дейді компаниядан. 

 
Энергетикалық нысан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек дәлізінде салынып жатыр. Мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы 50 метр биіктікте секундына 7,8 метр екен, ал ағынның тығыздығы – 310 Вт/м2. Болашақта ЖЭС қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда. 
 
Жобаның жалпы құны 37,4 млрд теңге. Жобаны "Самұрық-Энерго" АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі "Power China" қытай корпорациясымен серіктестікте іске асыруда. 
 
Айта кетсек, Алматы қаласы мен облысында жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарға – Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы Каскад ГЭС, Жамбыл ГРЭС, сондай-ақ Есік, Мойнақ, Қатарал, Талдықорған ГЭС-теріне қарамастан, бұл өңірде энергия тапшылығы бар. 
 
Өйткені еліміздің ең ірі мегаполисі орналасқан облыстағы өндіруші күштер мұндағы электр қуатына деген сұраныстың тек 50%-ын өтейді. Тапшылық сыртқы энергия өндірушілер (республиканың солтүстік облыстарынан, Жамбыл ГРЭС және Қырғызстаннан) есебінен жабылады.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны