15.09.2026, 10:59 16912 / 3171

Алматы мен Alatau City-де Lotte қонақүйлерін салу жоспарланып отыр

Алматы мен Alatau City-де Lotte қонақүйлерін салу жоспарланып отыр
Сурет: ЖИ
Оңтүстік Кореяның Lotte брендіне тиесілі қонақүйлерді Алматы мен Alatau City-де салу жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Lotte Group төрағасы Дон Бин Шинмен кездесуінің қорытындысы бойынша Hotel Lotte Co. Ltd және Sensata Invest тиісті меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Тоқаев Алматыда алғашқы Lotte қонақүйін салу жоспарын құптап, компанияның Қазақстандағы қонақүй бизнесін одан әрі кеңейту перспективаларын атап өтті.

Кездесуде Lotte компаниясының еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі қызметін жоғары бағалап, "Рахат" брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар Lotte Global Logistics компаниясының көлік-логистика инфрақұрылымын жандандырып, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру жөніндегі Lotte Global Logistics жоспарына тоқталды.

Дон Бин Шин Lotte компаниясының тамақ өнеркәсібі, логистика қызметі және қонақ үй бизнесі салаларына инвестиция құю жоспарын растады. Сонымен қатар ол Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Hotel Lotte Co. Ltd және Sensata Invest Алматы мен Alatau City-де Lotte қонақүйлерін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумдармен алмасты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны