Система Orphus

Алматы облысының Іле ауданының Өтеген батыр ауылы тұтынушылары үшін су бұру тарифі төмендетілді

01.04.2020, 14:30 4672

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының Іле ауданының Өтеген батыр ауылы тұтынушылары үшін су бұру тарифі төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Іле ауданы прокуратурасының талабы бойынша "Іле коммуналдық шаруашылығы" ШЖҚ МКК-ның сарқынды суды бұру қызметіне 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасына талдау жүргізді.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз табыс сомасы 40 693 680 млн.теңгені құрады.

Осыған орай, Департаменттің 2020 жылғы 20 наурыздағы №44-НҚ бұйрығына сәйкес "Іле коммуналдық шаруашылығы" ШЖҚ МКК-ның сарқынды суды бұру қызметіне 70,17 теңге/м3 мөлшерде уақытша өтемдік тариф бекітілді, бұл 2020 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Соның ішінде тариф мынадай болды:

- Халық үшін 1 метр кубқа 58,46 теңгені құрайды;

- өзге де мекемелер санаты бойынша 1 метр кубқа 95,25 теңгені құрайды;

- бюджеттік мекемелер үшін 1 метр кубқа 102,45 теңгені құрайды.

Осылайша, қолданыстағы тарифтен - 98,72 теңге/м3 тариф 1 метр кубқа 28,55 теңгеге немесе 29 пайызға төмендетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны