05.07.2019, 16:47 11314

Алматы облысының Ұйғыр ауданына газ берілді

Халық саны 1,4 млн адамды құрайтын 473 елді мекен газбен жабдықтауға жатады

Талдықорған. 5 шілде. Kazakhstan Today - 4 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында газды орталықтан газ құбырымен жіберу іске қосылды. Бұл оқиға салтанатты шарамен және көгілдір отты алауды рәсімді тұтандырумен атап өтілді.

Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, "Алмалы" АБК", Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов жәнегаз құбырының құрылысымен және ауданды газдандырумен айналысқан кәсіпорынның - "АзияГаз Шонжы" ЖШСбас директоры Роман Наханов қатысты.

Құрылыс басталған сәттен бастап "АзияГаз Шонжы" ЖШС шамамен 154 000 метр құбыр тартты, соның ішінде: 10 000 метр - жоғары қысымды құбыр, 46 000 метр 2-санаттағы жоғары қысымды құбырлар, 13 425 метр орташа қысымды құбырлар және 84 275 метр - төмен қысымды құбырлар. Сонымен қатар, компания автоматты газ тарату станциясын тұрғызды және 23 ШГРП газ реттеуші пунктін орнатты. Ауылды газдандыру толықтай "АзияГаз Шонжы" ЖШС қаражаты есебінен жүзеге асырылғанын атап өту қажет. Жалпы алғанда, жобаны іске асыруға компания 6 млрд. астам теңгені жұмсады.

Ағымды мезетте Шонжыда ауылдың таратушы газ желілеріне 42 үй қосылды, ал жылдың соңына қарай біз қосылған үйлер санын 200 дейін жеткізуге жоспарлаудамыз, - деп "Азия Газ Шонжы" ЖШСбас директоры Роман Нахановсөйлеген сөзіндеатап өтті.-Қазір газдандырудыңтехникалық мүмкіндігі барлық ауылда бар екеніне көңіл аудартқым келіп тұр.қосылу үшін өтініш беріп, газқұбырына қосылу бойынша қызметтердің ақысын төлеу жеткілікті, - деп ол сөзін жалғастырды.

Амандық Баталов өз сөзінде бұл оқиғаның маңыздылығы ауыл үшін ғана емес, жалпы алғанда бүкіл аудан үшін ерекше екендігін атап өтті.

Ұйғыр ауданын газдандыру Елбасының Жолдауын іске асыру аясында, сондай-ақ, Алматы облысын газдандырудың аймақтық схемасына сәйкес жүзеге асырылады, - деп Алматы облысының әкімі Амандык Баталов айтты.Қазіргі уақытта облыста 640 мың адам көгілдір отынға қол жеткізіп отырған 108 елді мекен газдандырылған және де халық саны 1,4 млн адамды құрайтын 473 елді мекен газбен жабдықтауға жатады, - деп Баталов мырза сөзін жалғастырды.

Шонжы ауылының тұрғындары өз сезімдерін жасырмады, өйткені ауылдары қашан газдандырылатынын ұзақ күтті.

Біз үшін бұл үлкен қуаныш! Енді көмірді қайдан сатып аламын деп бас қатырудың қажеті жоқ, оның үстінде, ауа да таза болады, - Шонжы ауылының тұрғындары қуанышпен бөлісті.

Газ құбырын ресми түрде іске қосу салтанатынан кейіншара қонақтарын "Азия Газ Шонжы" ЖШС жайылған дастарханы және ауыл тұрғындары дайындаған мәдени бағдарлама жүзеге асырылды.

Компания туралы анықтама

"АЗИЯГАЗ ШОНЖЫ" ЖШС "Алмалы" Холдингінің Компаниялар тобына кіреді. 2014 жылы құрылған. Компания Алматы облысының Ұйғыр ауданының аумағындағы жобаларды жүзеге асырады.

Жұмыс істеген уақыты барысында компаниямен "Қазақстан-Қытай" магистральді Газ құбырынан бастап, Шарын және Шырын ауылдарына бұра отырып, Шонжы елді мекеніне, сондай-ақ, "ҚазРос-Бройлер" құс фабрикасына газ құбырын өткізетін "Шарын" автоматты газ таратушы станциясына (АГТС) дейін газ тармақ құбыры салынды.

Бүгінгі таңда компания Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында орташа және төмен қысымдағы ауыл ішілік таратушы газ желілерінің құрылысын аяқтау барысында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны