Система Orphus

Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасы іске асырыла бастайды

19.02.2020, 18:46 6238

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылғы наурыз-сәуір айларында Самұрық-Энерго Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша дайындалған әзірлеменің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты.

Сөз барысында айтылғандай, Самұрық-Энерго қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады. Сөйтіп, Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс әсерді азайту үшін Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын іске асыру басталды. ЖЭО-ны "ҚазҒЗЖИ Энергопром" тәуелсіз институты әзірлеуде.

Жобаны іске асырудың бірнеше варианттары қарастырылуда:

жаңа станция салу;

ЖЭО-2-ні бу-газ қондырғыларын салу арқылы кеңейту;

заманауи газ тазалаушы жабдықтарды орната отырып және отын ретінде көмірді пайдалана отырып, жұмыс істеп жатқан энергетикалық қазандықтарды қайта құру;

жұмыс істеп тұрған станцияны газға көшіру.

Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны