12.12.2019, 13:00 31422

Алматыда 1000-нан астам элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз

2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтерлер иелері қарызды өтеуге асығар емес.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда 1000-нан астам элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз.

2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтерлер иелері қарызды өтеуге асығар емес.

28.11.2019 жылғы жағдай бойынша Алматыда 1028 элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз болды.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 03 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы бойынша МКД Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларымен Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы шығарылған қаулылар бойынша шаралар қабылдау жолымен жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алуға бағытталған іс-шаралар басталды, атап айтқанда борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін алып қою шараларын қолдану жоспарлануда.

Осылайша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен, Меншікке салынатын салықтар бойынша салық берешегін өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе келесі сілтеме http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web бойынша өтіп біле алатынын еске саламыз.

Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару арқылы жүргізілетін салықтық рақымшылық туралы жеке тұлғалардың назарына жеткіземіз. Өсімпұлдар негізгі салық қарызын төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде есептен шығарылады.

Өткізіліп жатқан салықтық рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанда аяқталады.

Жеке тұлғалардың салықтық қарызына қатысты барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасына т.267-69-94, 267-69-26 арқылы жүгіне алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны