23.09.2020, 19:19 8083

Алматыда бизнес құқығын қорғайтын мобильді топтар құрылды

Осылайша, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел қорғау үшін қаланың әрбір ауданында қадағалау органы мен "Атамекен" өкілдерінің қатысуымен арнайы мобильді топтар құрылды.

Алматы. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда бизнес құқығын қорғайтын мобильді топтар құрылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Алматыда шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы "Жаңа кезеңдегі Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауырлататын қылмыс ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өткен болатын. Осылайша, Алматы қаласында алматылық бизнесмендердің мүдделерін қорғайтын мобильді топтар құрылды.

"Бұл бағытта Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысын атап өткен жөн. Осылайша, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел қорғау үшін қаланың әрбір ауданында қадағалау органы мен "Атамекен" өкілдерінің қатысуымен арнайы мобильді топтар құрылды. Мобильдік топтар жұмысының қорытындысы бойынша өткен жылы ШОБ-ті заңсыз тексерудің 2-еуі тоқтатылды", - деді Нариман Әбілшайықов .

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР "Атамекен" ҰКП-ның бірыңғай байланыс орталығының 1432 нөміріне (қоңырау шалу тегін), сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасына 87017755500 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны