13.08.2020, 15:27 6827

Алматыда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды

Жалпы, жыл басынан бері Алматыда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына-13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 087 адам, қоғамдық жұмыстарға-11 276 адам, жастар тәжірибесіне-720 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Алматы. 13 тамыз. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты.

720 алматылық жыл басынан бері төленетін жастар практикасына жіберілген.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жұмыспен қамту, атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасап жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері Алматыда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына-13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 087 адам, қоғамдық жұмыстарға-11 276 адам, жастар тәжірибесіне-720 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматы қаласында 15 599 бос жұмыс орнына 11 060 хабарландыру бар. Бос орындар бойынша ақпаратты еңбек биржасының www.enbek.kz. электронды

порталынан алуға болады.

Жастар практикасы

Бұл орталықтар - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақысы төленетін жастар практикасына тартуға жәрдем көрсетеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда жастар практикасына 2020 жылдың басынан 720 адам жіберілген.

Атап өткеніміздей, ресурстық орталықтың бірі Жетісу ауданында орналасқан. Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаевтың айтуынша, оқуын енді бітірген жас маман үшін жастар практикасынан өту-бұл тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі.

"Жастар үшін ең пайдалысы - олар 6 ай ішінде өз мамандығы бойынша жақсы тәжірибе алады. Егер ол өзінің қабілетін, білімін жақсы көрсете алса, болашақта оған сол жерде қалу ұсынысы түсуі мүмкін", - деді Бауыржан Бірбаев.

Айта кету керек, жастар практикасына соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған, дипломы бар, 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады.

"Жастар практикасы негізінен соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған, дипломы бар, түрлі маман иелеріне арналған. Жалақы 69 мың теңгені құрайды. Тиісті аударымдарды есепке алғанда, 50 мыңнан астам теңге алады", - деді Бауыржан Бірбаев.

Жастар практикасына қатысу үшін алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Мұндай тіркеуді тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе Egov порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады.

"Жастар практикасына орта есеппен 5 адам келеді. Жұмыспен қамту және кеңес беру процесі, барлық құжат түгел болған жағдайда 10-20 минут уақытты алады. Жастар практикасына қатысу үшін жеке куәлік, дипломның көшірмесі, банктен шот және құжат тігетін папка қажет", - деді Жұмыспен қамту орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Айдана Башин.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары 6 ауданда тұрғындарды қабылдайды:

Наурызбай ауданының тұрғындары үшін-Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, "Шұғыла" ықшамауданы, 347 үй, 2 қабат, 212 кабинет;

Әуезов ауданының тұрғындары үшін - Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Алтынсарин даңғылы, 23, 1 қабат, 103 кабинет;

Алатау ауданының тұрғындары үшін- "Almaty Arena" ғимаратында, "Нұркент" ықшамауданы, 24 блок, "Qolday кәсіпкерлік орталығы";

Бостандық ауданының тұрғындары үшін-Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Айманов көшесі, 191, 2 қабат, 216 кабинет;

Жетісу ауданының тұрғындары үшін-Жетісу ауданының ХҚКО, "Құлагер" шағын ауданы, Серіков көшесі, 6 а;

Түрксіб ауданының тұрғындары үшін - Түркісіб ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Шолохов көшесі 9, 1 қабат, 108 кабинет;

"Колледжді бітіре салысымен маған жұмыспен қамту орталығынан хабарласып, жастар практикасына шақырды. Мен "туристік агент" мамандығы бойынша жұмыс істеп, туризмді дамытқым келеді. Бұрын басқа жұмыстар істеп көргенмін, алайда мамандығым бойынша істемедім. Мұндай ресурстық орталықтардың бар болғаны жастарға жақсы. Себебі, енді оқуды бітірген жас маманға жұмыс іздеу, табу қиынға соғады",-деді Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің түлегі Алтындана Асанова.

Қоғамдық жұмыстар

Жастар практикасынан басқа, халықтың қоғамдық жұмыстарға деген үлкен сұранысы артты.

"Қала тұрғындары мұнда жұмыс іздеп арнайы келеді. Біз әлеуметтік желілер, түрлі ақпараттық ресурстар, Жетісу ауданы әкімі аппаратының ресурстары арқылы хабардар етіп отырамыз", - деді Бауыржан Бірбаев.

Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді және ол әлеуметтік бағытта пайдалы болып табылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері 2 АЕК (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда 85 000 теңге) құрайды. Бұл бағдарламаға 16 жастан бастап, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатыса алады.

"Біз мұнда әкеммен келдік. Зейнетке шыққанға дейін әлі уақыт бар, ал ол жұмыссыз. Біз egov-та жиі отырамыз, әкем жұмыссыз ретінде тіркелген. Бізді жұмыспен қамту орталығы осында шақырды. Қандай құжаттар қажет екенін айтты. Менің әкем бірінші дәрежелі жүргізуші тәжірибесі бар. Ол автобус паркіне жүргізуші болып орналасуды қалайды. Біз өз бетімізше жұмыс табуға тырыстық, бірақ бәрі бекер", - деді қала тұрғыны Станислав.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны