19.07.2019, 19:48 7285

Алматыда шағын және орта бизнес пен жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық мүмкіндіктері талқыланды

2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында жалпы сомасы 1,0 млрд. теңгені құрайтын 7 009 салық төлеуші салық берешегін өтеген, олардан 338,7 млн. теңге айыппұл, 7,8 млн. теңге өсімақы шығарылған.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, Комитет Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың төрағалығымен "ҚР салықтық рақымшылығы, сондай-ақ, камералдық бақылаудың кейбір мәселе сұрақтары" тақырыбында салық төлеушілерге арналған семинар өткізілді.

Семинарға Комитет пен Департаменттің қызметкерлері, 500-ге жуық салық төлеушілер, Алматы қаласындағы бизнес өкілдері, ассоциациялар мен ҮЕҰ өкілдері, СЭҚҚ қатысты.

Шара барысында Комитет басшылығы Қазақстандағы салық рақымшылығының мәселелері мен камералдық бақылау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Бұдан басқа, семинардың салық төлеушілері мен қатысушылары Комитеттің басшылығына семинардың тақырыбы бойынша тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында жалпы сомасы 1,0 млрд. теңгені құрайтын 7 009 салық төлеуші салық берешегін өтеген, олардан 338,7 млн. теңге айыппұл, 7,8 млн. теңге өсімақы шығарылған.

2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қарыздары 27,6 млрд. теңгені, айыппұлдар - 16,3 млрд. теңге, өсімақы - 1,8 млрд. теңгені құрайтын қаладағы 15 964 шағын және орта бизнес субъектілердің салық берешегі болғанын айта кету керек.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты шағын және орта бизнестің жинақталған борыштарынан құтылу және мемлекеттік крістер органдарының барлық шектеулерін жою мүмкіндігін еске саламыз.

Бұдан басқа, салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға алдағы салықтық рақымшылық туралы салық органдарына 2019 жылдың 1 қаңтарға дейін салық кезеңі үшін салық төлеудің негізгі сомасын төлеуге жататын айыппұлды есептен шығару туралы хабарлаймыз.

Семинар барысында баяндамашылар аудиториядан және WhatsApp хабаршысы арқылы салық төлеушілердің семинар барысында келген сұрақтарына жауаптарын берді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 31 мамырында Комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен осындай семинар елордада өткізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны