18.11.2020, 17:05 8679

Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығын 2025 жылға қарай газға көшіру жоспарланып отыр

Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығын 2025 жылға қарай газға көшіру жоспарланып отыр

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығын 2025 жылға қарай газға көшіру жоспарланып отыр.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

"Алматы электр станциялары" АҚ-ның ("АлЭС") ЖЭО-2 және ЖЭО-3 негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. Кәсіпорын Алматы қаласының тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктілері үшін жылу, электр энергиясын өндіреді. ЖЭО-2-нің белгіленген қуаты - 510 МВ, ал ЖЭО-3-тікі - 173 МВТ.

ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін негізгі отын - Екібастұз кен орнының ("БогатырьКөмір" разрезі) көмірі. Тамызық отын ретінде мазут пайдаланылады.

2017 жылы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні жаңғырту жөнінде Үкімет 2020 жылғы 20 қазанда өткізген кеңесте "Самұрық-Энерго" АҚ ұсынып отырған ЖЭО-2-нің жұмыс істеп тұрған қазандықтарын газға ауыстыра отырып жаңғырту және газ инфрақұрылымын салу нұсқасы мақұлданды.

Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2-ні аралау барысында мамандардың кәсіпорынды жаңғырту бойынша жоспарымен және ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды техникалық орындау мүмкіндіктерімен танысты.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Жобаны 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, "Самұрық-Энерго" өкілдерінің министрге айтуынша, қазіргі уақытта "Самұрық-Энерго" АҚ және "Самұрық-Қазына" АҚ арасында Алматы қаласындағы ЖЭО-3-ті газға ауыстырудың ТЭН-ін әзірлеуді мақұлдау бойынша ішкі корпоративтік рәсімдер жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны