18.02.2021, 18:37 15318

Алматының алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер ашылды

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бақытжан Сағынтаев халықпен онлайн форматтағы есептік кездесуде тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында 1308 нөмірлі бірыңғай арна жұмыс істеді. Тұрғындар азық-түлік бағалары бойынша сұрақтар қойды. Қала әкімі Алматыда азық-түлік бағасының тұрақтылығын қалай қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ол қаланың басты міндеттерінің бірі – шаһардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру екенін атап өтті. Алматыда сұранысы жоғары азық-түлік түрлерінің (қарақұмық жармасы, кеспе түрлері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, әлеуметтік нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Өткен жылдың күрделі кезеңіне қарамастан, қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жасалды.
 

Өткен жылы біз бюджеттен 7 млрд теңге бөліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын құрдық. Алматыда сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесінің 19 түрінің 18 түрінің құны сараланды. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді", - деді әкім. 

 
Ол жұмыртқа бағасына қатысты қойылған сұраққа Алматыда ғана емес жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткенін айтты. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағалардың маусымдық өсуі, өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдардың қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген.
 
Бұлардан өзге, Алматыда қаланың алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендердің ашылғанын атап өту маңызды. Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен.
 
Базарлардың мекенжайлары:
 
- Көкбазар, Жібек Жолы 53;
 
- Тастақ, Төлеби, 266
 
- Алматы -1, Шолохов көшесі 2ү/1
 
- Таусамалы, Таусамалы - 1
 
- Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1
 
- Сарыарқа, 4 ықш., 27 б
 
Бағалардың өзгеруін қаланың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі www.almatyazyk.kz веб-сайтынан бақылауға болады.
 
2021 жылдың 16 ақпанынан 2021 жылдың 2 наурыз аралығына белгіленген бағалар:
 
1) Картоп – 150 тг;
 
2) Сәбіз – 145 тг;
 
3) Пияз – 85 тг;
 
4) Қырыққабат – 75 тг;
 
5) Қант – 249 тг;
 
6) Қарақұмық жармасы – 349 тг;
 
7) Күнбағыс майы (№1 Майзауыты) – 655 тг, күнбағыс майы (Майское) – 573 тг;
 
8) Күріш жармасы (Лидер, Камолино) – 275 тг;
 
9) Өлшемді кеспе түрлері – 199 тг;
 
10) 1 сұрыпты бидай ұны (Ақсарай 2 кг) – 409 тг.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны