23.12.2017, 16:21 5407

Alstom компаниясы Электровоз құрастыру зауыты бірлескен кәсіпорындағы акциялардыӊ бақылау пакетіне ие болды

2017 жылғы желтоқсанныӊ 22-де Alstom компаниясы АҚ Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) Ұлтық компаниясымен локомотивтер шығаратын Электровоз құрастыру зауыты бірлескен кәсіпорындағы 25% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды.

2017 жылғы желтоқсанныӊ 22-де Alstom компаниясы АҚ Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) Ұлтық компаниясымен локомотивтер шығаратын Электровоз құрастыру зауыты бірлескен кәсіпорындағы 25% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Уәкілетті органдар мақұлдағаннан кейін Alstom өзініӊ үлесін 75% -ға дейін арттырды. Келісімге ҚТЖ компаниясыныӊ дамыту жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев және Alstom компаниясыныӊ Таяу Шығыспен Африка аймағыныӊ бас вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Alstom ЭҚЗ зауытыныӊ іргетасы қаланған 2010 жылдыӊ маусымында ресейлік серіктесі - Трансмашхолдинг компаниясымен бірлесе Қазақстанныӊ теміржол саласына келген болатын.Бірлескен кәсіпорын құрамына Alstom (25%), TMХ (25%) және ҚТЖ (50%) кірді. Alstom, ЭҚЗ, TMХ және ҚТЖ арасында Prima T8 (KZ8A) 200 локомотивтерін және Prima M4 (KZ4A) локомотивтерін жеткізуге келісімшарт жасалды. Зауыттыӊ салтанатты ашылуы 2012 жылы өтті. 2016 жылы Alstom компаниясы ҚТЖ-ныӊ 25% акциясын сатып алады. Қазіргі уақытта ЭҚЗ-да жүк локомотивтерін толық жинау жүзеге асырылуда және жолаушылар локомотивтерін толық жинау 2018 жылдыӊ басында басталады.

"Alstom ЭҚЗ-да үлесінді тағы арттырып отырып Қазақстанныӊ тартымдылығына сенімді болғаныӊ көрсетеді және Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар аймақтағы бар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті деӊгейде кәсіби құзыреттілігін жаӊа өрісі дамуына ықпал етеді", ДидьеПфлегердеді.

Бұл мәміле Alstom-ныӊ Қазақстан теміржол саласыныӊ жөніндегі жолын ұстаушылығынды растайды және Астана қаласында Alstom Төрағасы және Бас директоры, Анри Пупар-Лафарж және Қанат Алпысбаев ҚТЖ-ныӊ Президенті, өткен аптада қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумныӊ (бүкіл ел бойынша 25 теміржолвокзалында сигнал беру жүйесін жаӊғырту жөніндегі КЭП бірлескен кәсіпорны сақтағанын растайды.

Қазақстан жаӊа Жібек жолы арқылы Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия мен Ресейді бір-бірімен жалғап отырған маӊызды көлік торабы болып табылады. Жалпы ұзындығы 20 мыӊға жуық шақырымды, ал пайдаланып отырған жолыныӊ ені 1520 мм құрайтын Қазақстан теміржол желісі ұзындығы жағынан әлемдегі үшінші желі болып саналады. Жылжымалы құрамыныӊ ені ұлғайтылғанына қоса және де -50ИC-ге дейін жететін қоршаған ауа температурасында қызмет ету қажет болғандықтан, Қазақстанныӊ көлік нарығы жылжымалы құрамға ерекше техникалық талаптарды қояды, бұл жаӊа инженерлік шешімдерді қажет етеді.

Prima платформасы туралы

Prima ассортименті ауырсалмақты (негізінен Қытайда, Қазақстанда, Изірбайжан мен Үндістанда), жүкжолаушы (Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, ТМД) және маневрлі немесе жол жұмыстары (Еуропа) үшін локомотив нарығында барлық сегменттерді қамтиды. Prima электрлі және дизельді-электр қызмет жүйелерін, сондай-ақ гибридті және екі режимді жүйелерді қоса алғанда, инновациялық қызмет шешімдерінен тұрады.

Alstom компаниясы туралы

Тұрақты түрде алға жылжуға жәрдемдесе отырып, Alstom компаниясы нарықта көліктік секторға арналған жүйелердіӊ, құрал-жабдықтар мен қызметтердіӊ кеӊ диапазонын әзірлейді және іске асырады. Alstom компаниясы шешімдердіӊ толық кешенін (жоғары жылдамдықты поездардан бастап метро, трамвай мен электробустарға дейін), жолаушылар тасымалына арналған шешімдер, маманданған қызметтерді (техникалық қызмет көрсету, модернизация), инфрақұрылым, дабыл жүйесі мен цифрлық мобильділік үшін шешімдерді ұсынады. Alstom компаниясы - интеграцияланған көлік жүйелері саласындағы әлемдік лидер. Компанияныӊ 2016-2017 қаржы жылындағы сату көлемі 7.3 млрд. еуроны, тапсырыстардыӊ көлемі - 10 млрд. евроны құрады. Alstom компаниясыныӊ орталық кеӊсесі Францияда орналасқан, оныӊ 32 800 қызметкері бар, әлемніӊ 60-тан астам елінде ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны