17.04.2014, 19:52 3938

Алтай өңірінің белгілі салалары қазақстандық өнімнің жеткізілуіне бағынышты - А. Коняев

Алтай өңірінің белгілі салалары қазақстандық өнімнің жеткізілуіне бағынышты . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында РФ Алтай өңірі басқарма басшысының халықаралық және өңіраралық байланыс жөніндегі орынбасары Андрей Коняев мәлімдеді.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Алтай өңірінің белгілі салалары қазақстандық өнімнің жеткізілуіне бағынышты . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында РФ Алтай өңірі басқарма басшысының халықаралық және өңіраралық байланыс жөніндегі орынбасары Андрей Коняев мәлімдеді.

"Алтай өңірі әлемнің 70 астам елімен сауда саласында тұрақты ынтымақтасып келеді. Олардың ішінде Қытай, АҚШ, ЕО елдері сияқты алыптар да бар. Осы жалпы сыртқы сауда айналымындағы Қазақстанның үлесі 1/3 құрайды. Бұл Қазақстанның, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Алтай өңірімен қаншалықты тығыз қарым-қатынаста екенін көрсетеді", - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Алтай өңірінің белгілі салалары қазақстандық өнімнің жеткізілуіне бағынышты.

"Алтай өңірінің жекелеген салалары Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерге тікелей тәуелді. Егер нақты Шығыс Қазақстан туралы айтатын болсақ, онда бұл біздің өнеркәсібімізде қолданылатын металл прокаты. Шығыс Қазақстаннан Алтай өңіріне біз құрылыс материалдарын да жеткіземіз, себебі Алтай өңірінде тұрғын үй құрылысы алдыңғы қатардағы орынға ие", - деген ол: - "Сондай-ақ, Алтай өңірінде жол инфрақұрылымы да белсенді жүргізілуде. Біздің өлкеде туризм саясатына өте маңызды орын беріледі", -деп жалғады сөзін.

Оның пікірінше, бүгін Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өңірі нық ынтымақтастық қарым-қатынас құруда.

"Біз Шығыс Қазақстан облысының ғана емес, сонымен қатар Алтай өңірінің де әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін барынша нақты, барынша түсінікті өзара тиімді қарым-қатынас қалыптастырудамыз", - деп аяқтады сөзін А. Коняев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны