09.01.2018, 21:18 4461

Амстердам қалалық соты "Самұрық-Қазына" АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларыныӊ 50%-ына иелік ету құқығына шектеуді сақтау туралы шешім қабылдады

"Бүгінгі таӊда "Самұрық-Қазына" АҚ өзініӊ мүдделерін белгіленген тәртіпте қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда және өзініӊ құқықтарын табанды түрде қорғауды жалғастырады",- деген түсініктеме таратты компания.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 5-ші қаӊтарда Амстердам қалалық соты "Самұрық-Қазына" АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларыныӊ 50% қатысты аталған акцияларға иелік ету тұрғысындағы құқығына шектеуді сақтау туралы алдын ала шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Амстердам қаласындағы соттыӊ аталған шешімі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларына қатысты "Самұрық-Қазына" АҚ құқықтарына қандай да бір қосымша шектеулерді қарастырмайды.

"Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 2017 жылдыӊ 14-ші қыркүйегіндегі Амстердам қалалық сотыныӊ шығарған шешімі негізінде "Самұрық-Қазына" АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларыныӊ 50% қатысты аталған акцияларға иелік ету тұрғысындағы құқығына шектеу (бұдан әрі - шектеу) қойылды.

"Аталған шектеу 2013 жылы Стокгольм Сауда Палатасыныӊ Арбитраж Институты жанындағы Арбитражды трибунал Анатолий Статидіӊ, Габриэль Статидіӊ, Ascom Group SA мен Terra Raf Trans Trading Ltd. (бұдан әрі - арызданушылар) Қазақстан Республикасына қарсы ісі бойынша шығарған арбитраждық шешімді Нидерландыда мойындау және орындау бойынша талап-арызды қамтамасыз ету аясында қойылды. "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстан Республикасы және арызданушылар арасындағы арбитраждық істіӊ қатысушысы болған емес. Арбитражды трибунал "Самұрық-Қазына" АҚ қатысты арызданушылардыӊ пайдасына қандай да бір төлемдерді жүргізу туралы шешім шығарған жоқ",- деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Таратылған ақпаратқа жүгінсек, шектеуге сәйкес "Самұрық-Қазына" АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акциялары аталған қамтамасыз ету шарасыныӊ әрекет ету мерзімі ішінде сатылуы, берілуі немесе ауыртпалық салынуы мүмкін емес.

"Акцияларды өндіріп алуға жүгіну тек сот арбитраждық шешімді мойындау мен орындау туралы шешімді қабылдаған және мұндай шешімніӊ "Самұрық-Қазына" АҚ қатысты қолдануға жарамды деп санаған жағдайда немесе сот арызданушылардыӊ "Самұрық-Қазына" АҚ тікелей талабы бар деген өзге де шешім шығарса ғана ықтимал. "Самұрық-Қазына" АҚ аталған акциялар бойынша өзініӊ барлық дауыс беру құқығын сақтайды және ҚМГ Қашаған Б.В. ағымдағы басқаруы, оныӊ ішінде "Самұрық-Қазына" АҚ пайдасына дивидентерді төлеуді қоспағанда, ҚМГ Қашаған Б.В. үшінші тұлғалар алдындағы төлемдік және басқа міндеттемелерді орындау әдеттегі тәртіпте жүзеге асырылуда",- деп хабарлайды компания.

"Самұрық-Қазына" АҚ бастамасымен шектеуді алып тастау туралы аралық істі қарастыру аясында 2018 жылғы 5-ші қаӊтарда Амстердам қалалық соты шектеуді сақтау туралы алдын ала шешім қабылдады.

"Бүгінгі таӊда "Самұрық-Қазына" АҚ өзініӊ мүдделерін белгіленген тәртіпте қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда және өзініӊ құқықтарын табанды түрде қорғауды жалғастырады",- деген түсініктеме таратты компания.

Анықтама

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы - дара акционері Қазақстан РеспубликасыныӊҮкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентініӊ жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым - инвестициялық холдинг саналады. Оныӊ миссиясы - Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканыӊ жаӊғыруына қолдау көрсету. "Самұрық-Қазына" өз миссиясын қоржындық компаниялардыӊ ұзақ мерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканыӊ басым секторларыныӊ дамуына каталитикалықинвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі $67,4 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚкомпаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларыныӊ, химия және атом өнеркәсіптерініӊ, тау-кен кешендерініӊ, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларыныӊ кәсіпорындары кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны