11.11.2016, 12:47 4235

АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын қаржыландыру ұсынылады

Осыған байланысты 2017 жылдан бастап ЕАЭО мемлекеттерінде тұқым шаруашылығын қолдау тәжірибесін есепке ала отырып, бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялау алынып тасталып, бірегей және элиталы тұқымдарды (40% дейін) қайта субсидиялау ұсынылады.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласында өткен жергілікті жиналыста ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өӊдеу департаменті директорыныӊ орынбасары Бахыт Ілиясов мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін арттыру шараларын айтып берді.

"Егістік алқаптар құрылымын әртараптандырудыӊ төмен қарқынын, қайта өӊдеу зауыттарыныӊ нашар жүктелуін, мал шаруашылығы саласын мал азығымен қамтамасыз етудіӊ төмендігін ескере отырып, әртараптандырудыӊ қарқынын арттыру қажет.Сонымен қоса, өӊдеу қуаттылығын жүктеуіне қол жеткізу мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімініӊ нақты көлемін алу үшін дақылдардыӊ нақты тізімін өндіруді ынталандыруға, мал шаруашылығы саласын балансталған азықтармен қамтамасыз етуге басты назар аударылатын болады, осыған орай экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары өнім өндіру басымдықта", - деді Бахыт Ілиясов.

Сонымен қатар департамент директорыныӊ орынбасары Б. Ілиясов тұқым шаруашылығын дамытуды жетілдіру шараларын атап өтті.

"Еӊ төменгі нормалы бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялаудыӊ қолданыстағы механизмі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердіӊ тиісті техника, жинаған тұқымдарды әрі қарай көбейтуге және сақтауға мүмкіндіктері, сондай-ақ тұқым шаруашылығы бойынша арнайы білімдері жоқ болғандықтан күтілген нәтиже берген жоқ. Бұл ретте, шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидиялардыӊ көлемі шамалы болғандықтан субсидияларды рәсімдеу және алуға қызығушылық танытпады",- деді ҚР АШМ өкілі.

Осыған байланысты 2017 жылдан бастап ЕАЭО мемлекеттерінде тұқым шаруашылығын қолдау тәжірибесін есепке ала отырып, бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялау алынып тасталып, бірегей және элиталы тұқымдарды (40% дейін) қайта субсидиялау ұсынылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысыныӊ кеӊейтілген Үкімет отырысындағы тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде АӨК-ті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны