23.05.2008, 19:28 2955

Апатты жағдайда тұрған бұзылатын үйлерден азаматтарды көшіру үшін 120 млрд теңге қажет - үкімет есебі

Апатты жағдайда тұрған бұзылатын үйлерден азаматтарды көшіру үшін 120 млрд теңге қажет - үкімет есебі

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Апатты жағдайда тұрған бұзылатын үйлерден азаматтар қоныс аударатын тұрғын үйлер салу үшін он жыл көлемінде 120 млрд теңге бөлу қажет. Бұл мәлімет мәтіні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісінде бар 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкімет есебінде келтірілген.

"Апатты жағдайда тұрған бұзылатын үйлерден азаматтарды көшіретін баратын тұрғын үйлер салуға жұмсалатын қаражат көлемі 121 млрд теңгені немесе 10 жыл көлемінде жыл сайын 12,1 млрд теңгені құрайды (2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында құрылыстың бір шаршы метрін 56 515 теңге деп есептегенде)", - деп көрсетілген үкімет есебінде.

Құжатта апатты тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары қазіргі уақытта өңірлік бағдарламаға сәйкес әкімдік тарапынан іске асырылатыны және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатыны көрсетілген. "2007 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 900 мың шаршы метр көлеміндегі апаттық тұрғын үйлер бұзылған. Негізінен жаңа жаңа құрылыстарға жер босату және иесіз үйлер есебінен жүзеге асқан".

Сонымен бірге, азаматтарды мұндай үйлерден көшіретін үйлердің болмауына байланысты бұзу процессі тоқтап қалып жатқаны үкімет есебінде көрсетілген. Бұл ретте азаматтардың бұл санатының тұрғын үйге деген қажеттіліктері шамамен алғанда 2 млн шаршы метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны