23.10.2007, 18:30 3119

Апаттық үйлерден көшірілген азаматтар үшін арзан мунициалдық тұрғын үй салу керек

Апаттық үйлерден көшірілген азаматтар үшін арзан мунициалдық тұрғын үй салу керек

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Апаттық үйлерден көшірілген азаматтар үшін арзан мунициалдық тұрғын үй салу керек. Бұл туралы бүгін мәжілісте "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласындағы кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын таныстырған индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарланған Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің баспасөз қызметінің баспасөз баянында.

Заң жобасын әзірлеушілердің пайымдауынша, ол ұзақ мерзімді және тұрақты тұрғын үй қатынастарының жүйесін құруға, тұрғын үй қорының жалпы ахуалын жақсартуға, тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасауға және оның жағдайын бақылау қоюға мүмкіндік береді, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Заң жобасы үш заңнамалық актіге - Қазақстан Республикасының Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны