25.09.2007, 15:03 2992

Апаттық жағдайдағы үйлердің орнына жаңа баспана салуға арналған қаржы көлемі жыл сайын 7,4 млрд теңгені құрайды - Оразбақов

Апаттық жағдайдағы үйлердің орнына жаңа баспана салуға арналған қаржы көлемі жыл сайын 7,4 млрд теңгені құрайды - Оразбақов

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның индустрия және сауда министрлігінің пайымдауынша, бюджеттен апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге арналған баспана құрылысына 74 млрд теңге бөлген дұрыс. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында министрліктің басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"10 жылға арналған апаттық жағдайдағы баспаналарды бұзу бағдарламасын жүзеге асыруды есептеу барысында жыл сайын жаңа баспана құрылысына жыл сайынғы шығын қаржысы 7,4 млрд теңгені құрайды",- деді Ғалым Оразбақов.

Индустрия және сауда министрлігінің есебіне сүйенсек, осы санаттағы пәтер иелерінің жаңа баспанаға зәрулігі 1,3 млн шаршы метрді құрайды. "Мемлекеттік бағдарлама есебі бойынша бір шаршы метрдің құны 56 515 теңге болса, оларды салуға қажет қаржы көлемі 74 млрд теңгені құрайды",- деп түсіндірді Ғ. Оразбақов. Ол сондай-ақ "бұл шығындарды өтеу мүмкін емес деуге де болмайды, бірақ үйлерді бұзу процессі апаттық үйлердің тұрғындарын көшіретін баспананың жоқтығына байланысты бөгелуде", деп қосты.

"Қазіргі уақытта апаттық жағдайдағы үйлерді бұзумен жергілікті бюджет қаржысы есебінен әкімшіліктер жүзеге асыруда. Үстіміздегі жылы осы қаржы есебінен негізінен жаңа құрылыстар салуға орын босату және иесіз үйлерді бұзу есебінен 9 мың шаршы метр көлеміндегі апаттық үйлер бұзылған",- деп еске сала кетті министр. Оның айтуынша, бұзылуға тиіс апаттық жағдайдағы үйлердің көлемі 2006 жылғы 3,6 млн шаршы метрден үстіміздегі жылы 2,7 млн шаршы метрге дейін төмендеген. "Апаттық жағдайдағы үйлерді бұзуға барлығы 45 млрд-қа жуық теңге қажет",- деп нақтылап өтті ол.

"2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік баспана салу бағдарламасының жобасын әзірлеу барысында біз республикалық бюджеттің осы мақсаттағы шығынын ескердік, бірақ олар қолдау таппады",- деді министр.

"Осы проблемалардың әлеуметтік қырларын, төтенше жағдайлардың болу ықтималдылығының өсуін ескере отырып, осы қаржыны бюджеттен бөлу мүмкіндігін қараған жөн деп санаймыз",- деп қорытындылады Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны