13.10.2008, 16:41 1595

АПК Алматыда алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды

АПК Алматыда алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды

Алматы. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - АПК АҚ Алматы мен Алматы облысында алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды. Бұл туралы АПК АҚ басқармалары төрағасының өндіріс және даму жөніндегі орынбасары Ғани Сәлімжуаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2007 - 2008 жылдары Алматы мен Алматы облысында 4 млрд 263 млн киловатт-сағат энергия тұтынылды. 2008 - 2009 жылы тұтыну көлемі 4 млрд 654 млн киловатт-сағатқа дейін ұлғаяды деп күтілуде. Өсім - 9,2%", - деді Ғ. Сәлімжуаров.

"Қазанда ұзындығы 1150 шақырымдық "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісінің бірінші бөлігі пайдалануға беріледі. Бұл тағы 100 мегаватт қуат береді. Бүгінгі жағдаймен 1 млрд 586 млн теңгеге 110 киловольттан 6 кіші станция салнып аяқталып келеді: "Геологострой", "Сайран", "Южная", "Самал", "Новозападная", "Центральная"станциялары. Сондай-ақ, биыл "Арман" және "Центральная" кіші станцияларын жаңалауға 1 млрд 930 млн теңге жұмсалады. Бұған қоса биыл "КазГУ" және "Новая" атты екі кіші станция салына бастайды", -деді ол.

"Жалпы алғанда биыл жаңа құрылысқа 3,3 млрд теңге жұмсалады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны