03.03.2020, 23:02 6747

Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұтынушылары электр энергия тарифтерін саралау, қосу құнының қымбаттвғв мәселелерін көтерді

Келесі іс-шара 7 сәуірде Шахтинск қаласында жоспарланған.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұтынушыларымен кездесті.

2 наурызда Қарағанды облысының Абай қаласында қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға тұтынушылардың өздері де, тұтынушылардың, кәсіпкерлердің және табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін білдіретін 20-дан астам адам келді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбай Абайдың коммуналдық қызмет тұтынушыларын және бизнес өкілдерін тыңдады.

Комитет төрағасының орынбасарына Топар БТЭС-тан оларға электр энергиясын тікелей жеткізуге қатысты сұрақ қойды.

Комитет төрағасының орынбасарына тікелей МАЭС Топардан электр энергиясын жеткізуге, электрмен жабдықтау компанияларын реформалауға, үйге ортақ есептеу құралдарын орнатуға, табиғи монополиялар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге қатысты сұрақтар қойылды.

Мысалға, "Әлем" ҚБ-ның төрағасы Колесников азаматы қазіргі уақытта электр энергиясы Қарағанды ЖЭО 3 және Өскемен ЖЭО-дан сатып алынуда, бұл Топардан едәуір алшақ екенін атап өтті.

"Көрсетілген ЖЭО-дағы электр энергиясының бағасы айтарлықтай қымбат, ал ЖЭО қасында болса, Топар оның арзан бағасымен қазіргі бекітілген тарифті төмендетер еді", - деп атап өтті ол.

Дубовка кентінің тұрғыны су бұру жүйесінің жағдайына және жүйені ретке келтіру қажеттілігіне алаңдаушылық білдірді. Абай қаласының энергетиктер ардагерлер кеңесінің төрағасы да коммуналдық қызметтерге төлем түбіртегін заңнамаға сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.

Төрағаның орынбасары жауап ретінде бұл жағдайда заңнамадағы өзгерістер қажет екендігі түсіндірді, себебі қазіргі уақытта бұл мәселе азаматтық-құқықтық қатынастардың аясында.

Сондай-ақ, ол комитет осындай өзгерістерді пысықтап жатқанын, және осы мәселені шешудегі жергілікті атқарушы органның рөлі де маңызды екенін атап көрсетті.

Сондай-ақ, азаматтар қабылдауға қатысқан табиғи монополия субъектілеріне де сұрақтар қоя алды.

Тұтынушылар электр энергия тарифтерін саралау, қосу құнының қымбат болуы, энергия беруші ұйымдардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бірігуі және тағы басқа мәселелер қатысты сұрақтар көтерді.

Барлық сұрақтарға төрағаның орынбасары нақты жауаптар мен тиісті түсініктемелер берді, ал кейбір сұрақтарды жеке бақылауға алды.

Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, осындай қоғамдық қабылдауларды жыл бойы облыстың барлық өңірлерінде өткізу жоспарлануда.

Келесі іс-шара 7 сәуірде Шахтинск қаласында жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны