19.05.2008, 19:03 3094

Арал өңірінде шегіртке қаптау қаупі төніп тұрған жоқ

Арал өңірінде шегіртке қаптау қаупі төніп тұрған жоқ

Қызылорда. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы миллион гектардан астам ауылшаруашылығы алқаптарында жүргізілген зерттеулер нәтижесі Арал өңірінде шегіртке қаптау қаупі төніп тұрмағанын көрсетті. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің облыстық аумақтық аумақтық инспекциясындағылар хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысындағыдан бір айырмашылығы сол, Арал өңірінде шегірткенің итальяндық прус және марокколық деген екі түрі байқалады", -деді аумақтық инспекцияның бастығы Бақыт Нұртазаев. Оның айтуынша, "шегіртке ошағы анықталған 140 мың гектар жерді арнаулы өңдеуден өткізу қажет".

"Зараралы аумақты жаппай өңдеу жұмыстары 20 мамырда басталып, 20 күннен аспауға тиіс. Ең бастысы - уақытты ұттырып алмау", - деді Б. Нұртазаев. Осындай жұмыстарға республикалық бюджеттен 85 млн теңге бөлінген.

"140 мың гектар аумақтың 40 мыңы арнаулы жер үсті транспортының, ал 100 мың гектары дельтапландардың көмегімен улы химикаттардың көмегімен өңделеді".

Мамандардың пікірінше, "Қызылорда облысында биыл да былтырғыдай шегіртке айтарлықтай қауіп төндіріп отырған жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны