13.08.2026, 19:15 35906
Қарашығанақ кен орнында құны 1,7 трлн теңге болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталады
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Қарашығанақ кен орнында құны 1,7 трлн теңге болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталатындығын мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Зауыттың қуаты жылына 5 млрд текше метр газды құрайды. Сонымен қатар, биылғы жылдың соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысына соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан салынғаны туралы баяндалды. 1542 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өтті.
"Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті. "Ауыл аманаты" бағдарламасы қолға алынғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды", - делінген хабарламада.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Бұған дейін ТШО 2026 жылы 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.09.2026, 16:23 871
Қазақстандықтар әлем бойынша QR-код арқылы қашан төлем жасай алады - Ұлттық банктің жауабы
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстан ұлттық төлем жүйесін шет мемлекеттердің төлем жүйелерімен интеграциялау бағытында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Кейбір елдермен пилоттық жобаларды, тестілеуді биылғы жылдың соңында бастаймыз. Мысалы, Қытай Халық Республикасымен. Егер тестілеу сәтті өтсе, келесі жылдың өзінде қазақстандықтар Қытайда кез келген банк қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады деп үміттенеміз. Бұл мүмкіндік кері бағытта да қолжетімді болады", - деді спикер.
Оның айтуынша, қазір 11 мемлекетпен, атап айтқанда Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан елдеріммен жұмыс жүргізіліп жатыр. Әр елмен интеграцияның жеке кезеңдері белгіленген.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары әр елмен жұмыс жеке жол картасы бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кейбір мемлекеттермен трансшекаралық QR-төлемдер келесі жылы іске қосылуы мүмкін, ал басқа елдермен бұл үдеріс көбірек уақытты қажет етеді.
"Барлық он бір мемлекет немесе кейін қосылатын басқа да елдер бойынша нақтырақ жағдай қалыптасқан кезде, міндетті түрде жеке ақпарат жариялаймыз", - деді Бинұр Жәленов.
Бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдар лимиті 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылатыны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 14:33 2221
Қазақстанда мобильді аударымдар лимиті 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылады
Достарға айту
Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі аясында телефон нөмірі бойынша аударымдар лимитін екі есе ұлғайту жоспарланып отыр, деп мәлім етті ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов Үкіметте өткен брифингте.
Тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы талқылауға шығарылды.
"Біздің жүйе аясында бекітілетін базалық лимиттер бар. Бүгінде біз жобаны "Ашық НҚА" порталында талқылауға шығардық. Бір транзакция бойынша бұл лимит 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды", - деп мәлім етті спикер.
Оның айтуынша, жаңа ережелер қазан айының соңында күшіне енуі мүмкін.
Бұл ретте банктер өздерінің тәуекел саясатын ескере отырып, клиенттер үшін жеке лимиттер белгілеуге құқылы. Сондай-ақ, пайдаланушы банктің мобильді қосымшасында қолжетімді лимиттерді өзі белгілей алады.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары "бірыңғай QR" деп аталатын банкаралық мобильді төлемдер жүйесі Қазақстанда 19 шілдеде іске қосылғанын еске салды. QR арқылы төлем жасаумен қатар, жүйе телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 12:43 3691
Ұлттық банк QR-төлемдерді ҚҚС-тан босату ұсынысын түсіндірді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында жуықта Үкіметте айтылған QR-төлемдерін ҚҚС-тан босату туралы ұсынысқа қатысты шешімнің нәтижесі қандай болуы мүмкін екендігі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұл мәселе журналистердің QR-төлемдерін ҚҚС-тан босату банк комиссияларының мөлшеріне, атап айтқанда кәсіпкерлер төлейтін бірыңғай QR бойынша комиссияға әсер ете ме деп сұрағынан кейін талқыланған.
"Шынында да, жуырда жобалық кеңсенің отырысында қолма-қол ақшасыз төлемдерді ҚҚС-тан босату мәселесі талқыланды. Бұл, ең алдымен, шарттарды теңестіру үшін қажет. Салық кодексінің қолданыстағы редакциясында кейбір қолма-қол ақшасыз төлемдер, мысалы, карточка арқылы есеп айырысу ҚҚС-тан босатылған. Біз ұлттық төлем жүйесін, соның ішінде бірыңғай QR-ды дамытып жатқандықтан, барлығына бірдей шарттар белгілеу ұсынылды. Бұл түсінбеушілікті болдырмауға және әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деді Бинұр Жәленов.
Оның айтуынша, ұсыныс тұжырымдамалық тұрғыдан қолдау тапқан. Үкіметпен бірлесіп егжей-тегжейі пысықталғаннан кейін құжат заң шығарушылардың қарауына енгізіледі. Түпкілікті шешімді Құрылтай қабылдайды.
"Егер ұсыныс қолдау тапса, оның бизнес пен тұтынушылар үшін комиссияларға тікелей әсерін алдын ала бағалау қиын. Әр банк комиссия мөлшерін дербес белгілейді. Сонымен қатар комиссия бірнеше бөліктен тұрады: банкаралық комиссия - интерчейндж деп аталатын төлем, төлем жүйесінің комиссиясы және банктің өз шығындарын қамтитын комиссиясы", - деп қорытындылады Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 11:16 4211
Оңтүстік Кореяның автоөндірушісі Қазақстанның ұлттық автомобиль брендін дамытуға атсалысуға ниетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Оңтүстік Кореяның Kia компаниясы қазақстандық ұлттық автомобиль брендін дамытуға атсалысуға ниетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Тиісті келісім Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Hyundai Motor Group компаниясының президенті әрі стратегия және жоспарлау бөлімшесінің басшысы Сунг Киммен кездесуінің қорытындысы бойынша жасалды.
"Kia компаниясының өкілдері Қазақстанның ұлттық автомобиль брендін қалыптастыруға үлес қосу ниетін мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.
Кездесуде Тоқаев Hyundai Motor Group корпорациясы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтіп, өндірісті локализациялауды одан әрі тереңдету, автобөлшектерді көптеп шығару және экспорттық саладағы әлеуетін нығайту шараларының маңызына тоқталды.
Президент Қазақстанды автомобиль өндірісі мен экспорты бойынша ірі өңірлік орталыққа айналдыру, өндірістің толық циклін дамытуға ден қою сынды перспективті міндеттер айқындалғанын мәлім етті.
Тараптар электр көлігін дамыту, соның ішінде электромобильдер мен олардың компоненттерін өндіру, сондай-ақ қуаттау инфрақұрылымын құру мәселелерін жеке талқылады.
Сунг Ким Hyundai мен Kia жобаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Hyundai Motor Group жетекшісі компания үшін Қазақстан нарық қана емес, ТМД елдері бойынша маңызды өңірлік орталық саналатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Hyundai Motor Company мен Astana Motors жаңа Hyundai Tucson моделін өндіру туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Бұған дейін алғашқы қазақстандық автомобиль алдағы төрт жылда таныстырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауытын салу туралы QazaqGaz, Hyundai Engineering және SICIM Kazakhstan компаниялары арасында келісімдермен алмасты. Hyundai Engineering басшылығы да Қазақстанмен мұнай-газ саласында, өнеркәсіп пен инфрақұрылым бағыттарында ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 10:59 4846
Алматы мен Alatau City-де Lotte қонақүйлерін салу жоспарланып отыр
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Оңтүстік Кореяның Lotte брендіне тиесілі қонақүйлерді Алматы мен Alatau City-де салу жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Lotte Group төрағасы Дон Бин Шинмен кездесуінің қорытындысы бойынша Hotel Lotte Co. Ltd және Sensata Invest тиісті меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Тоқаев Алматыда алғашқы Lotte қонақүйін салу жоспарын құптап, компанияның Қазақстандағы қонақүй бизнесін одан әрі кеңейту перспективаларын атап өтті.
Кездесуде Lotte компаниясының еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі қызметін жоғары бағалап, "Рахат" брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды.
Сонымен қатар, тараптар Lotte Global Logistics компаниясының көлік-логистика инфрақұрылымын жандандырып, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру жөніндегі Lotte Global Logistics жоспарына тоқталды.
Дон Бин Шин Lotte компаниясының тамақ өнеркәсібі, логистика қызметі және қонақ үй бизнесі салаларына инвестиция құю жоспарын растады. Сонымен қатар ол Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Hotel Lotte Co. Ltd және Sensata Invest Алматы мен Alatau City-де Lotte қонақүйлерін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумдармен алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 10:11 5226
Қазақстан теміржол арқылы экспортталатын астық көлемін арттырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылдың сегіз айында теміржол арқылы сыртқы нарықтарға 7,2 млн тонна астық жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бір жыл бұрын осы кезеңде сыртқы нарықтарға теміржол арқылы 6,3 млн тонна астық жөнелтілген.
Экспорттық тасымалдардың негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі - 4,8 млн тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37%-ға жоғары. Атап айтқанда, Өзбекстанға 3,6 млн тонна, Тәжікстанға - 1 млн тонна астық жөнелтілген.
Ауғанстанға жеткізілім көлемі әсіресе айтарлықтай өсті - 4,4 есе артып, 655 мың тоннаға жетті. Қытайға теміржол арқылы 558 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 33 пайызға көп.
Жалпы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,2 млн тоннаны құраған. Өсім 13 пайыз болды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35%-ға артты.
Астық тасымалын тұрақты әрі уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы мен вагондар паркінің тасымалдау көлемінің артуына дайындығын бақылайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 19:25 11246
Қазақстан мен Өзбекстан автотасымалдарға тағы 20 мың рұқсат бланкісімен алмасады
Достарға айту
Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық автомобиль тасымалдарына қосымша 20 мың рұқсат бланкісімен алмасуға келісті. Бұл туралы Қазақстан-Өзбекстан халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері жөніндегі аралас комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Тасымалдаушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету және жүк тасымалының тұрақты жүруіне жағдай жасау мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан 2026 жылға қосымша 20 мың рұқсат бланкісімен алмасуға келісті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар 2026 жылдың соңына дейін электрондық рұқсат бланкілерімен шектеусіз алмасуға көшу мәселесін пысықтауға уағдаласты. Бұл халықаралық автокөлік тасымалдарын жыл сайын белгіленетін рұқсат квотасына байланысты шектеулерсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 15:09 14276
Қазақстан мен Корея Орта дәліз арқылы жүк ағынын арттыруды талқылады
Сурет: "Атамекен" ҰКП
Достарға айту
Сеулде Қазақстан президентінің Кореяға сапары аясында ҚР "Атамекен" ҰКП қатысуымен ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасы - Корея Республикасы: Көлік және логистика" бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.
Іс-шараға екі елдің мемлекеттік құрылымдары, көлік-логистика компаниялары мен бизнес өкілдерінен 70-ке жуық адам қатысты. Тараптар теміржол, әуе және мультимодальды тасымалдарды дамыту, логистиканы цифрландыру және бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 117,8 мың тоннаны құрады, оның 116,9 мың тоннасы транзиттің еншісінде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 43,7 мың тонна жүк тасымалданды, оның барлығы транзиттік ағын есебінен жүзеге асырылды.
Форумға қатысушылар жекелеген тасымалдардан тұрақты жүк сервистеріне көшу және тасымалданатын тауарлар тізімін кеңейту қажеттілігін атап өтті.
Әуе арқылы жүк тасымалдауға да ерекше назар аударылды. Қолданыстағы уағдаластықтар аптасына 20-ға дейін жүк рейсін, соның ішінде әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығын пайдалана отырып орындауға мүмкіндік береді.
Тараптар сондай-ақ ТХКБ-ны дамыту және теңіз, теміржол, автомобиль және әуе көлігін интеграциялау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Air+Rail, Air+Road және Sea+Rail үлгілері бойынша мультимодальды бағыттар құру, терминалдық инфрақұрылымды дамыту және тасымалдарды цифрландыру мәселелері сөз болды.
"Атамекен" ҰКП Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев шеңберлік уағдаластықтардан нақты бірлескен жобаларға көшу қажеттігін атап өтті.
Форум қорытындысы бойынша қазақстандық және кореялық компаниялар бірқатар құжатқа қол қойды. B2B-кездесулер барысында бизнес өкілдері нақты бағыттарды, жүк тасымалы бағыттары мен инвестициялық жобаларды талқылады.
Бұған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келіскен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.09.2026, 09:20Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы технологиялық жобаларға шақырылды 15.09.2026, 09:32 7251ҚМА жалған хаттар арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті15.09.2026, 10:39 6861АҚШ аумағында қазақстандық әйел ұсталды - СІМ түсініктемесі15.09.2026, 10:11 5011Қазақстан теміржол арқылы экспортталатын астық көлемін арттырды15.09.2026, 12:14 4721Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге стейблкоиндермен есеп жасауға рұқсат беру жоспарлануда
11.09.2026, 19:08 72016Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68156Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67741Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67466Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66311Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83546Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80336Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72016Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71136Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68156Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

