28.07.2014, 19:58 3474

Ирбір 4-ші қазақстандық "Қазақтелеком" АҚ телефон нөмірін қолданады

2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қаржы есептілігінің алдын ала деректеріне сәйкес, есептілік мерзімдегі "Қазақтелеком" АҚ қызметтерін сатудан түскен шоғырланған кірістер өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырған кезде 6% артқан және 96 749 млн. теңгені құрады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. 100 тұрғынға телефондар тығыздығы 23,70 нөмірді құрады, - деп "Қазақтелеком" АҚ хабарлады.

2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қаржы есептілігінің алдын ала деректеріне сәйкес, есептілік мерзімдегі "Қазақтелеком" АҚ қызметтерін сатудан түскен шоғырланған кірістер өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырған кезде 6% артқан және 96 749 млн. теңгені құрады.

"Қазақтелеком" АҚ желісіндегі тіркелген желілер саны 2014 жылғы 1 жартыжылдыққа 4.067.647 бірлікті құрады, оның ішінде қалалық телекоммуникациялық желілер (ҚТЖ) саны 2.916.016 бірлікті, ауылдық (АТЖ) 1.151.631 бірлікті құрады.

100 тұрғынға телефондар тығыздығы 23,70 нөмірді құрады, оның ішінде ҚТЖ 32,60 нөмірді, АТЖ 14,93 нөмірді құрады.

2014 жылғы 1 шілде күнгі жағдай бойынша "Қазақтелеком" АҚ жергілікті телекоммуникация желісі 5782 коммутациялық пунктпен ұсынылған (КП), оның ішінде қалалық телекоммуникация желісі (ҚТЖ) - 2909, ауылдық телекоммуникация желісі (АТЖ) 2873. 2014 жылғы алты айда жалпы өсімі 98 коммутация пункттерін құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны